І республикалық «Сарбаз әндері» әскери-патриоттық байқаудың гала-концерті өтті

Ағымдағы жылғы 28 қарашада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орайластырылған І республикалық «Сарбаз әндері»  әскери-патриоттық әндер байқауының гала-концерті  өтті.

Отанға адал болу рухында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру деңгейін арттыруда қазақстандық авторлар мен сазгерлердің әскери-патриоттық әндерін насихаттау үлкен рөлге ие. Қарулы Күштер туралы заманауи имидждік композицияларды қалыптастыру, сапалы әскери-патриоттық әндер репертуарын толықтыру үшін  республикалық байқау мәртебесіне ие мұндай ауқымды іс-шараны өткізу қажеттілігі туындады.

  Жоба ағымдағы жылдың қыркүйегінде бастау алды және бұл уақыт ішінде оның «қоржынына» 120-ға жуық туынды келіп түсті. Шешуші кезеңге 13 үздік іріктелінді.

Іс-шара қорытындысы бойынша республикалық байқаудың бас жүлдесін Асылзат Исатайдың сөзі мен Бейбіт Бірімғазиннің  әуеніне жазылған «Жауынгер» әні жеңіп алды. Отан қорғаушылардың оң бейнесін аша түсетін әндер номинациясында бірінші орындарды «Сапқа» тұр» және «Ұлы дала сарбазы» шығармалары жеңіп алды. Әскер түрлері мен тектері бойынша «Танкішілер» туындысы үздік ән деп танылды. Әскери-патриоттық әндер ұлттық байқауының жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар және құрмет грамоталарымен марапаттады.

 Одан басқа, іс-шара аясында гала-концертке жиналған меймандарға ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының би ұжымдары, балет топтары мен эстрада-симфониялық оркестрінің өнерлері ұсынылды. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының орындауындағы жаңа әндердің тұсаукесері байқау ұйымдастырушыларының ерекше тосынсый болды.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"