Астана полициясы жаппай ағылшын тілін үйреніп жатыр

Астана қаласының ішкі істер департаменті полиция қызметкерлерінің арасында викторина ойнатып, олардың ағылшын тілін тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс кезінде полиция қызметкерлері туристермен қалай сөйлесу керектігін көрсетіп, жол ережесін бұзған жағдайда, ұрлық фактісі тіркелсе, қалай айыппұл толтыру керектігін жаттады. Кейбір грамматикалық қателерге қарамастан, әділ қазылар алқасы Астананың полиция қызметкерлері тапсырманы орындады деп баға берді. Тәртіп сақшылары сондай-ақ  ағылшын тілінде жиі қолданылатын сөздерді айтып жарысты.

Жалпы, Ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, Астана полициясы 2014 жылдан бері ағылшын тілін үйреніп келеді екен. Оқу курстары тегін. Яғни, ниет білдірген кез келген қызметкер курсқа жазылып, ағылшын тілін жетілдіре алады. Осы уақытқа дейін 500-ден астам полиция осындай оқудан өтіпті.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"