«Астана» өңірлік қолбасшылығында ерлік сабағы өтті

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы шақырылуға дейінгі жастар үшін ерлік сабағын өткізді. Оған Қарағанды қаласы № 6 орта мектебінің басшылығы мен оқытушылары қатысты.

Сабақтың өткізілуі барысында әскерилер ҚР Қарулы Күштерінің қатарындағы қызмет, өткізілетін оқу-жаттығулар мен оқу-жауынгерлік тапсырмалар туралы баяндайтын, сондай-ақ әрі қарай өзінің қызметін келісімшарт бойынша жалғастыруға әзір, қазақстандық армияға деген тиесілігін мақтан тұтатын, қазіргі уақытта қызмет өткеріп жатқан жас сарбаздарды паш ететін бейнероликтер көрсетілді.
«Астана» ӨңҚ басқармасының әскери қызметшілер майор Айдос Елеукенов пен 1-сыныпты сержант Асхат Қарауылов балаларға қазақстандық армиядағы офицер мен сержанттың баға жетпес рөлін айтып берді, сондай-ақ өздерінің әскери өмірлерінен естеліктер және қызыққа толы оқиғаларымен бөлісті. Кездесу барысында балаларға ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына түсу және қазақстандық әскер қатарында мерзімді әскери қызметті өткеру ережелері түсіндірілді.
Ерлік сабағы өз кезегінде, патриоттық тәрбие беру жөнінде мемлекеттік бағдарламаның бөлігі болып табылатын әскери-патриоттық жұмыс бағдарламасының бөлігі болып табылатынын айта кету қажет.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"