Астана – бейбітшілік пен рухани жаңғыру ордасы

Астана – бейбітшілік пен рухани жаңғыру ордасы

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында орталық клиникалық госпитальдің ұйым¬дастыруымен Отан соғысының мүгедектеріне арналған шара өтті.  

«Астана – бейбітшілік пен рухани жаңғыру ордасы» деп аталатын V халықаралық суретшілер байқауы Астананың 20 жылдығына және Ұлы Жеңістің 73 жылдығы тақырыбына арналып отыр.

Салтанатты жиынға соғыс ардагерлері, ҚР Парламенті депутаттары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, Ресей, Беларусь, Украина елдерінің Қазақстандағы елшілігі, бірқатар министрлік өкілдері қатысты.
– Біздің орталықта емделуге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жауынгер- интернационалистер, Чернобыль апаты мен Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінен келеді. Денсаулықтарын қалпына келтіреді. Сондықтан байқау тақырыбының жан-жақты, ауқымды болуын қарастырдық, -деп сөз алған Астана қаласы Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальдің директоры Әділхан Абдулин жиналғандарды Отан қорғаушылар және Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Байқауға ең үздік 73 экспозиция­лық жұмыс таңдап алынған. Жүзден жүйрік шыққандарды Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков бастаған қазылар алқасы анықтады. Байқау қорытындысы бойынша Амангелді Дүйсембеков пен Толқын Табысбек және израильдік Ельяу Элина ІІІ орынды иеленсе, ресейлік Наталия Шевченко мен украиндық Василий Скаканди ІІ орынды, Сайлау Темірбеков І орынды еншіледі. Ал бас жүлдені Шыныбай Пірімбаев қанжығалады. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен және арнайы сертификаттармен марапатталды. Айта кету керек, Шыныбай Пірімбаев­тың туындысында Астана теміржол вокзалы мен елордаға әр аймақтан келген қоныс аударушылардың бейнесі көрініс тапқан.

                                                                                         

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана