Арыстағы апат

Арыстағы апат

Ағымдағы жылдың 24-ші маусымында Түркістан облысы, Арыс елді мекенінің жанында орналасқан ҚР ҚК-нің қару-жарақ қоймасының бірінде оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласты. Бүгінде бұл оқыс оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы атынан оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілді. Қарулы Күштеріндегі жеке құрамның күштерімен оқиғаның салдарын жою іс-шаралары ұйымдастырылды.



***

Қорғаныс министрлігі Арыстағы болған жарылыс салдарын жою жөнінде барлық шараларды қабылдайтын болады.

Оқ-дәрілер жарылысының салдарын жоюға жеке құрамнан 1800-ге жуық адам және 50-ден астам техника жұмылдырылды. Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев оқиға орнында болып, тікелей өзінің бақылауына алды. Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери бөлім орналасқан жерге барып, материалдық-техникалық жағдаймен танысты және әскери қызметшілермен кездесіп, қызмет атқару орындарын аралады. Жұмыс барысында кейбір мәселелер бойынша жедел шешім қабылданды. Аталған арсеналда  қуатты және қауіпті авиациялық бомбалар, ешқандай радиоактивті оқ-дәрілер сақталмағанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта төтенше оқиға орын алған жерге Қарулы Күштердің жеке құрамынан 1800-ге жуық адам, 50 бірліктен аса техника, 6 ұшу аппараты, оның ішінде әуе барлауына қажетті ұшқышсыз ұшу аппараты тартылып, әскери саперлер өз жұмысын істеуде. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза болған жанның отбасына қайғырып көңіл айтады және жарылыс салдарынан зардап шеккендерге тезірек сауығуды тілейді.

 

***

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери саперлері Арысты минадан тазарту жұмыстарын орындауда.


Қазіргі уақытта оқиға орында жарылғыш заттармен тиісті жұмыс тәжірибесі бар әскери қызметшілерден құралған тоғыз минадан тазарту тобы жұмыс жасауда. Аталған топтар жарылмаған оқ-дәрілерден аймақты тазарту бойынша кешенді шараларды орындайды. Оқ-дәрілерді тазарту жөніндегі жұмыстар қоймаларды жарылғыш заттардан және елді мекендерге жақын орналасқан басқа сақтау орындарынан барынша тазарту мақсатында ұйымдастырылды. Бірінші кезекте Арыстағы темір жолдар мен қала тұрғындарының үйлеріне оралғандағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арсенал іргесіндегі ғимараттарды тазарту жүргізіледі. Бұдан басқа, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, Арыс қаласының жерлерін және арсеналдың техникалық аумағын барлау жүзеге асырылады.  Бұл аппарат инженерлік бөлімшелердің жұмыстарын бақылаап қана қоймай, жарылғыш заттардың табылғаны жөнінде жедел штабқа хабарлайды. Соның арқасында Шымкент қаласына бағытталған дала өртінің таралу қаупі уақытында анықталған болатын. Әскери полиция бөлімшелері күндіз-түні күзетіп, 700-ге жуық әскери қызметші қаланы бақылауына алды. Сонымен қатар оқиға орнында 1200 адамға арналған далалық лагерь ашылды. Тамақ беруді ұйымдастыру үшін механикаландырылған далалық наубайхананы қосқанда, шаруашылық заттарының пунктері ашылды. Өкінішке орай, алған жарақаттан келісімшарт қызметіндегі әскери қызметші аға сержант Б.М.Әлімбеков қаза болды, ал екінші жоғалып кеткен әскери қызметші табылды, қазір ол емдеу мекемесіне орналастырылды.



***

Қарулы Күштерге қарасты әскери полиция бөлімшелерінің қосалқы жасағы Арыста құқық тәртібін қамтамасыз етеді

Құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында құрамы Ұлан мен Тараз гарнизонының бөлімшелерінен тұратын әскери полицияның қосалқы жасағы құрылды. Қоғамдық тәртіпті күзету жөніндегі бұл шараға барлығы 100-ден астам әскери полицияның әскери қызметшілері қатысады. Қысқа мерзімде әскери қалашық аумағында әскери қызметшілер тұратын жерлерде және қаланың өзінде әскери полиция органдары тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырып, көшірілген жұрттың үйлерін күзету шаралары жүргізілуде. Оқиға орын алған әскери бөлімнің бақылау-өткізу пунктінде әскери полиция қызметтік иттерімен бірге өткізу тәртібін тәуліктік бақылауға алды. Әскери объектінің аумағына заңсыз кіруге жол бермеу және Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді, сауда орындары мен дүкендерді тонау фактілерін болдырмау мақсатында әскери полиция органдарының әскери қызметшілері Ұлттық ұланның әскерилерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге заңсыз қылмыс пен өзгенің мүлкіне қол сұғу фактілерін алдын алу міндеттерін атқаруда. Сондай-ақ жарылыс салдарын жоюға қатысатын әскери техника мен жеке құрамның ілесіп жүруі ұйымдастырылды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи