Арнайы насихат сабағы

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, өзге әскер мен әскери құрамаларда құқық бұзушылықты сауықтыру бағдарламасын» жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарына сәйкес, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 30217 әскери бөлімінде әскери ортада экстремизм және терроризм идеяларының таралуына қарсы іс-әрекет жөнінде дөңгелек стол өтті.  

Әскери қызметшілер алдында «ШҚО Семей қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ діни бірлестіктермен өзара әрекет жөніндегі сектордың бас маманы Арман Рымқанов «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» туралы баяндады. Халықтың діни сауатсыздығы, дәстүрлі құндылықтарды бағалаудың құлдырауы, діни экстремизмнің қауіптілігін бұқаралық сананың әлі де толық түсінбеуі, деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитеттің қалыптаспауы, мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық татулық пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған діни экстремистік көзқарас пен мақсатқа негізделген радикалдық идеологияларды ұстанатын бірлестіктердің пайда болуы, дәстүрлі емес діни радикалдық ұйымдардың қоғам ішінде діни төзімсіздік, қорқыныш пен үрейді күшейткені туралы да айтты. Әскери қызметшілерді өзге дінді уағыздаушылардан аулақ болуды, оларға түрлі діни көзқарасты дәлелдеуден қашуды, діни бағыттағы парақшалар мен журналдарды алудан бас тартуды ескертті. Өмірдегі арман мен мақсатты, жетістік пен тыныштықты дәстүрлі емес бағыттағы діни ұйымдардан іздеу – үлкен қателік, орны толмас өкініш екенін де жан-жақты түсіндірді. Ақысыз 114 байланыс желісіне де тоқталды. Әскери бөлімнің арнайы насихат, идеологиялық жұмыстар және МҚД жөніндегі аға офицері капитан М. Сармуратов дін істері жөніндегі агенттік қызметкерлерімен бірге экстремизм және терроризмнің мәні мен мақсатын әшкерелеуге бағытталған тақырыптық бейне роликтерді көрсетуді ұйымдастырды.

Алуа ИСКАКОВА
Суреттерді түсірген автор

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"