Армия орталық спорт клубының спортшылары грек-рим және еркін күрестен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

Армия орталық спорт клубының спортшылары грек-рим және еркін күрестен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

Шымкентте грек-рим және еркін күрестен Қазақстан чемпионаты басталды, жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары бір алтын мен екі қола медалді жеңіп алды.

77 келі салмақ дәрежесіндегі спортшы ефрейтор Асхат Ділмұхамедов үшінші мәрте Қазақстанның чемпионы атанды, бұран 2011 және 2016 жылдары ол 82 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен болатын. «Бұл олимпиадалық салмаққа өту бұрыннан жоспарымда болатын. Шындығында, бұл санатты әлі толық игерген жоқпын, мұндағы барлық сайыс оңайға түскен жоқ. Енді осы салмақта Азия ойындарына дайындалатын боламын», - деді Асхат Ділмұхаммедов. Армия орталық спорт клубының 60 келі салмақ дәрежесіндегі спортшысы Мейрамбек Айнағұлов пен 72 келі салмақ дәрежесіндегі Әбунасыр Өмірзақ қола жүлделерге ие болды. Еркін күрестен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы 86 келі салмақ дәрежесіндегі кіші сержант Әділет Даулымбаев. Шешуші сәтте армия палуаны, Шығыс Қазақстан облысының тумасы Азамат Дәулетбеков жеңіске жетті. ҚР Қарулы Күштерінің қоржынына күміс әперген үш дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков еді.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК