«Арланмен» танысты

Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде ұйымдастырылған ашық есік күніне Семейдегі 35-ші орта мектептің бір топ оқушысы келді.

Орта мектептің 1 «г» сыныбының 28 оқушысы әскери бөлімнің бақылау-өткізу пунктінен өтіп, ашық алаңдағы жаттығу және дене шынықтыру алаңдарын, мәдени-демалыс клубын көрді. Әскери тапсырмаларды орындау мақсатындағы қазіргі заманғы негізгі қару-жарақ түрлерімен, сондай-ақ, броньды дөңгелекті «Арлан» машинасының қызметімен де танысты. Штаб бастығы – әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары подполковник Василий Подгайченко әскери бөлімнің құрылу тарихынан қысқаша мағлұмат беріп, бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін баян етті. Сарбаздардың бойында жоғары моральды-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға, әскери ұжымда тәрбие ісін түбегейлі жақсартуға және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған ҚР Президентінің талаптары мен Қорғаныс министрлігі директиваларының орындалу барысына да тоқталды. Балалар далалық жағдайда ас әзірлеу мен тамақтануды ұйымдастырудың барысына куә болып, дәм татты.

   Шараның соңында мектеп оқушылары әскери бөлімнің жеке құрамына мерекелік көңіл-күй сыйлап, өз өнерлерін көрсетті. Шынайы әскери өмірді көруге мүмкіндік берілгені үшін алғыстарын жаудырды. Естелікке суретке де түсті.

                                          Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"