Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Жақында Алматы қаласында екінші деңгейдегі банк өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бастамасымен және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада
ҚР ҚАӨМ АҚК, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК-нің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қатысты.

Кеңесте Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Д.В.Голобурда баяндамасы жасады.

Кеңес барысында екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын жаңа талаптарды, атап айтқанда ҚР Ұлттық банкіне ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру және одан әрі оқыс оқиғаларды бірлесіп тергеу тәртібін қолданысқа енгізуді; екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ҚР Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін; салалық ақпараттық (кибер) қауіпсіздік орталығының болашағы мен ұйымдастыру тәртібі бойынша сұрақтар талқыланды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"