Ақпарат қауіпсіздігі ауқымындағы мамандар Алматыда бас қосты

Алматы қаласында Орталық Азияда алғаш рет ақпарат қауіпсіздігі шеңберіндегі мамандарға арналған халықаралық практикалық конференция өтті. Бұл конференцияның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан ГИС орталығы» АҚ және «Кибершабуылды талдау және зерттеу орталығы» заңды тұлғалар бірлестігі.

Аталған конференцияға киберқауіпсіздіктегі өзекті мәселелер жөніндегі жалпы мақсатпен Қазақстанның өңірлерінен және шетелден 2000-нан астам адам қатысты. Тәжірибелік конференция хакерлердің, АҚ-сарапшылардың, IT-әзірлеушілердің, мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдерінің, бизнесмендер мен вендерлердің басын қосты. Конференция барысында ақпарат қауіпсіздігі мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

«Kaz’Hack,’Stan» бағдарламасында қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, жетекші мамандардың танымдық шеберліктері жөнінде өзекті тәжірибелік баяндамалар бірнеше кезең бойынша қамтылып, конференцияға қатысушылар оның жаңа осал тұстарымен танысты, сонымен қатар дөңгелек үстел басында мемлекеттік саясаттың мәселелері бойынша конференцияға қатысушылардың практикалық дағдыларын арттыру үшін киберполигонды пайдалану, АҚ және АҚТ аумағында құқықтық аспектілер мен жалпы мәселелер талқыланды.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"