Ақпарат және коммуникациялар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Ақпарат және коммуникациялар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Данияр Бейсенғалиұлы Әлжанов 1985 жылдың 31 наурызында Қарағандыда туған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.  2016 жылы «Адам ресурстарын басқару және персоналдарды оқыту» мамандығы бойынша Лестер Университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын бітірген. Өзінің еңбек жолын 2007 жылы  Қарағанды қаласының білім беру басқармасының  әдіскер-талдаушы қызметінде бастаған. 2008 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінде жұмыс істеген. ​2010 жылы Осакаров ауданы, Шахтинск және Қарағанды қалалары әкімшілігінің әлеуметтік-мәдени шеңберіндегі түрлі салаларында, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасында жұмыс істеген. 2012 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті баспасөз БАҚ басқармасының сарапшысы. 2014 жылы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, баспасөз БАҚ-тағы және интернет-ресурстардағы ақпарат жұмысы басқармасының бас сарапшысы. 2016 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті басқармасының бастығы. 2017 жылғы қыркүйектен бастап – «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2018 жылғы шілдеден бастап – «Нұр Отан» партиясы Саяси жұмыстар департаментінің директоры. Қорғаныс министрінің бұйрығымен 1-дәрежелі капитан С. Борамбаев басқа лауазымға ауысуына байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаменті бастығының лауазымынан босатылған болатын. Қорғаныс ведомствосының бастығы С.Ж. Борамбаевты Қарулы Күштердің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, журналистермен және жастармен байланысты реттеуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи