Ақпарат алмасуға аса қолайлы жоба

Заманауи шынайылықты ескере отырып, Қорғаныс министрлігінің басшылығы «Цифрлы Қазақстан» кешенді мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Арнайы мақсаттағы геоақпараттық тұғырнаманы құру» жобасын іске асыру жөнінде бастама танытуға шешім қабылдады.

Аталмыш жоба картографиялық және өзге де геокеңістік деректерді, инфрақұрылымдық мәліметтердің үлкен ауқымын бірыңғай пішімге біріктіре отырып, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шешім қабылдауын қолдаудың ақпараттық жүйелерінің базалық тұғырнамасына айналады. Осылайша, жобаның іске асырылуы барлық дәрежедегі командирлерді дәйекті және жедел геокеңістік ақпаратпен қамтамасыз етуге, жер туралы ақпаратты жинауға уақытты қысқарту есебінен қабылданатын шешімдердің жеделдігін арттыруға, оны бағалау мен әскерлерге өзекті геокеңістік деректерді жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ұрыстарда елеулі басымдық береді және цифрлық армия форматына көшу үшін қажетті жағдайға айналады.

Аталмыш жоба аясында ақпараттық компонента – цифрлы картографиялық деректер мен аэроғарыш түсірілімдерінің деректері бірыңғай форматына конверсияланған кіріктіруге негізделген геокеңістік ақпараттың бірыңғай банкі қалыптастырылады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"