Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Жаир Мессиас Болсонаруға Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Жаир Мессиас Болсонаруды Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
«Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін.
Сізге зор денсаулық және жауапты қызметіңізге мол табыс, ал достас Бразилия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Елбасы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы мәлімделді, сондай-ақ ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын сапалы жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы баяндады.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

***

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті.

Қазақстан мен Франция 26 жыл ішінде дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытып, ынтымақтастықтың берік архитектурасын қалыптастырды. Биыл елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікке 10 жыл толды.

Г.Әбдіқалықова білім саласында мемлекеттеріміздің өзара ықпалдастығы кеңейіп келе жатқанына тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен 2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанынан «Сорбонна-Қазақстан» институты ашылғанын атап өтті. Биылғы оқу жылында Францияның Қазақстандағы елшілігі Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы келісім аясында Францияның жоғары оқу орындарында білім алуға үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 66 азаматымызға (57 магистрант және 9 докторант) Қазақстан тарапынан стипендия бөлу қарастырылған.

Әңгімелесу барысында білім беру саласында басталған бастамаларды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Қазақстан-Франция ынтымақтастығын одан әрі нығайту ісінде Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ф.Мартинэге мол табыс тіледі. 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"