Аңызға айналған аналардың ізбасарлары

8-наурыз мерекесіне орай Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың нәзік жандар қауымының өкіл¬дерімен жүздесіп, құттықтауы жыл сайын дәс¬түрге айналған. Биыл да өнерімен, еңбегімен еленіп жүрген арулармен ҚР Президентінің «Көктем шуағы» атты кездесуі өтті. Олардың арасында ҚР Қарулы Күштерінің Парашютпен секіруге дайындау орталығының аға маманы Римма Рамазанова да бар.

Мемлекет басшысы қоғамымыздың дамуындағы әйелдердің баға жетпес рөлін атап өтіп, еліміздегі нәзік жандар өкілдерін келе жатқан Халықаралық 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

– Қымбатты ханымдар! Жыл сайын Ақордада дәстүрлі «Көктем шуағы» дәл осы кезде өткізіледі. Оны өздеріңіз біле­сіз­дер. Алдағы келе жатқан мереке

Әйел­дер күні баршаңызға құтты болсын! Бақ-бе­ре­ке, жақсылық тілеймін! Бүгін біз­­дің орта­мыз­да әйел азаматтардың әр са­ла­­да қыз­мет іс­теп жүрген өкілдері бар. Көп бала­лы ана­лар, депутаттар, ғалым­дар, сот, диқан, кә­сіп­кер, өнер­тапқыш, дәрі­гер, әнші, жур­на­лист, актриса, спорт­шы, жауын­­­герге дейін арамызда отыр, – деген Ел­­­ба­­сы елі­мізде әйелдердің рөлі­не әр уа­қыт­­та назар аударылып келе жатқанын айтты.

– Біз – ананы, әйелді әр уақытта құр­меттеп, жоғары бағалаған халықпыз. Батыр аналарымыз ел басына күн туған­да ер-азаматтармен бірге қолына қару алып, Отан қорғаған. Ел үшін ер-аза­мат­тармен бірге жауға шапқан Бопай ханым, Хиуаз Доспанова, Әлия, Мәншүктер өшпес ерліктерімен елдің санасында қал­ғанын бәріміз жақсы білеміз. Қазақ әйел­дерінің арасында зор құрметке бө­лен­ген үлкен аналарымыз Домалақ ана, Айша бибі, Айғаным ханша, Зере әже­лері­міз парасаттың символы болып сан­алады. Бүгінгі Қазақстан әйелдері – сол па­расатты жалғастыратын, аңызға айналған ан­алары­м­ыздың жолын жалғайтын ізба­сар­лары. Біз әрқашан «Әйел – үйдің қазы­ғы» деп әйелін құрметтеген халықпыз. «Қыз өссе елдің көркі» деп қызын құрметтеген халықпыз. Ұлы Далада қилы заманнан келе жатқан игі дәстүр қазір де жалғасуда, – деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы мемлекет жүргізіп жатқан демографиялық саясаттың аспектілеріне тоқталып, ана мен балаға қолдау көрсету және оларды қорғау мәселелеріне назар аударды. Ол гендерлік саясаттың басымдығы бар бір бағыты ретінде аналар мен балалар үшін қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ анаға деген сыйластық мәдениетін жандандыру қажеттігін айтып өтті.

Мемлекет басшысы қазіргі саяси жаңғыру үдерісі барысында әйелдердің зор рөл атқаратынына сенім білдірді.

Кездесуге қатысушылар өздерінің кәсіби және күнделікті өміріндегі жетістіктері жөнінде әңгімеледі. Президент кездесуге келген қыз-келін­шектердің әрқайсысына көңіл-бөліп, емен-жарқын әңгімелесті. Іс-шара соңында көп балалы ана О.Мұқашеваны «Алтын алқа» белгісімен марапаттап, кездесуге қатысушылар үшін «Ақорда» резиденциясы ішінде экскурсия жүргізді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"