ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық туралы мемлекетаралық комиссияның ХVI отырысына қатысты.
Жұмыс барысында ҰҚШҰ-ға қатысушы елдер мен ҰҚШҰ Хатшылығының өкілдері іске асырылатын жобалардың ағымдағы жай-күйін талқылады, сондай-ақ әрі қарайғы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушылар әскери-экономикалық өзара іс-қимылды әрі қарай нығайту және кеңейту бойынша ниеттерін растады.