Алматыда Sаrbаz Rаce атты әскери-патриоттық сайыс өтті

Елімізде тұңғыш рет әскери-спорттық патриоттық ойындар өтті.

Sаrbаz Rаce деп айдар таққан бәсеке Алматыда ұйымдастырылды. Сайыс ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Панфилов атындағы 316-атқыштар дивизиясының құрылғанына 75 жыл толуына арналды. Алғаш рет жалауы желбіреген жарысқа халықаралық мәртебе беріліп, оған елімізден бөлек Польша, Франция және Ресейден де командалар қатысты.

Қалың жауған қар мен ауа райының суытуы көпшіліктің көңіліне әсер еткен жоқ. Қыстың қытымыр күніне қарамаған қыз-жігіттер әскери алаңға шығып, спорттық сайыстардың көрігін қыздырды. Жер бауырлап жорғалаған жастар жүгіріп-секіруден де кім мықтыны анықтап, түрлі әскери жаттығулардан жарысқа түсті. Жексенбідегі ойындарға қызу қанды өрімдей жастардан бөлек әскери өмірдің қиындығы мен қызығын көрген тәжірибелі жігіттер де қатысты. Кедергілер арқылы жылдамдыққа жүгіру, гимнастикалық жаттығулар, әскери техника мен қару-жарақты қолдану секілді бағдарламаларда спорттық бабы келіскен, ептілігі мен шеберлігі мықтылар жеңіске жетті. Ең бастысы, жастар әскери қызметтің мәртебесін түсініп, сарбаз болудың қандай екенін сезінді дейді мамандар.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"