Алматы облысында полиция бөлімшесі ашылды

Қытай шекарасында орналасқан «Қорғас» шекара маңындағы халықаралық орталықта полиция бөлімшесі ашылды.

72 маман қызмет ететін 3 қабатты ғимаратта барлық жағдай қарастырылған. Мәселен, нысанның жер-төлесі арнайы тирмен жарақталған.Ол жерде полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолданып үйренеді. Алдағы уақытта сыртқы бейне-бақылау желісін жедел басқаруға бағытталған орталық ашылмақ. Полиция өкілдерінің айтуынша, стратегиялық маңызы зор аймақта мұндай бөлімшенің ашылуы орынды. Өйткені келешекте бұл жер түрлі мемлекеттердің өкілдері табан тірейтін тоғыз жолдың торабына айналады.
- Бізге әлі бұл жерде көптеген істерді реттеуге тура келеді. Патруль жасалатын аумақтарды анықтау керекпіз. Біздің қызметкерлердің шет ел азаматтарымен жұмыс істеу барысын анықтайтын нормативтік қаулыларды өңдеуіміз қажет. Бұл жер еркін экономикалық аумақ болғандықтан Қытай азаматтары да, біздің азаматтарымыз да ары бері өтетін болады. Сондықтан заң бұзушылықтардың да болатындығы белгілі, - дейді облыстық ІІД басшысы Мұрат Үрімханов.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"