«Алжир» лагерінің тарихына арналған экскурсия

«Алжир» лагерінің тарихына арналған экскурсия

44813 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері Целиноград ауданының орталығында орналасқан саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарынна арналған «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне экскурсияға барды.

Мұражайдың қызметкерлері «АЛЖИР» географиялық атауы емес екендігін, «Отанын сатқандар» әйелдерінің Карлаг 26-нүктесі орнында орналасқанын, дәл осы жерде 1937-жылы халық жауларының жұбайлары үшін Ақмола лагері ашылғанын, бұл жерге бүкіл Кеңестер одағының түкпір-түкпірінен ешбір жазықсыз әйелдерді алып келгенін жас сарбаздарға қысқаша айтып өтті.
«Мен бүгін мұражайдан тарихымыздың мұңға толы жылдары мен тұтқындалған қазақ зиялыларының әйелдері отырған лагеріндегі азапты, қиын тағдырымен таныс болдым» – деді Алматы облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Каликулов Нұрсұлтан.
Мерзімді әскери қызметшілерге Отан алдындағы қызметін тек әскери қызметпен ғана емес, өзі қорғайтын өлкенің тарихи құндылықтары мен жәдігерлерін насихаттау да тәлім-тәрбиенің бірден-бір көзі.

Нұржан Сыздықов


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП