Алашорда әскерлерін айшықтаған кітап

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласының жарияланғанына тура бір жылдың жүзі болды. Осы мерзім ішінде қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы әзірленіп, ол өз деңгейінде жүзеге асты. Маңызды құжаттың орындалуына мүдделі Оңтүстік Қазақстан облыстық жобалық кеңсе де жыл бойы атқарған жұмысын бағамдады.

Ел үшін елеулі құжат жарияланған жыл ішінде өткеніміз екшеліп, тарихымыз толысты. Барымыз бағамдалып, жоғымыз түгенделді. Рухани жаңғыру бағытындағы жұмыс 4 кіші бағдарламадан тұрады. Алғашқысы – тәрбие және білім. Облыста бұл бағыт бойынша өлкетану оқулығы басылып шықты. Оқушылар арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылып, туған өлкенің тарихын танып-білуге арналған мәліметтер жинақталды. Ал, екіншісі – «Рухани қазына» бағдарламасы аясында киелі орындар туралы 3 тілде фотоальбом жарық көрді. Үшінші бағыт – «Атамекен – ыстық ұя». Күнгей кәсіпкерлері туған жерді түлету үшін тындырымды тірліктер атқарды. Облыс бойынша 31 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді.

«Қазір біз «Алтын ұям» деген кішігірім бағдарлама ұйымдастырып жатырмыз. Ол бойынша мектепті бітіріп, кездесу ұйымдастыратын түлектерге туған жерін түлетуге бағытталған іс-шараларды қолға алуды ұсынып отырмыз. Мәселен, ойын алаңшасын немесе, спорт алаңшасын салып берсін, шамасы келгенше», дейді «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсе жетекшісі Бақытжан Әшірбаев.

Осындай шаруалар легі қатарында «Алашорданың әскери құрылымы» атты кітаптың таныстырылымы ұйымдастырылды. Жиынға ғалым-профессорлар мен студенттер қатысты. Шара барысында оқулық авторы, белгілі алаштанушы, «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлы кітапта алашорда туралы кітаптар мен деректер көп екенін айтады. «Елімізде әскери құрылымды сипаттайтын туындылар жоқтың қасы. Бұл еңбек сол олқылықтың орнын толтырды. 500 таралыммен шыққан тарихи кітап болашақта оқу бағдарламасына енгізілуі мүмкін», дейді ол.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК