Әскерилердің әскери немесе жеке көліктерін ақаусыз басқаруы қадағаланады

Алматы өңірлік гарнизонында әскерилердің әскери немесе жеке көліктерін ақаусыз басқаруын қадағалау, сондай-ақ, жаяу жүргінші немесе көліктегі жолаушы ретінде қатысы бар қандай да бір әскери қызметшіге жол көлік оқиғалары салдарынан тиетін зардаптарын алдын алу, ескерту және оны болдырмау аясындағы әскери полиция органдарының, соның ішінде жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасының әскери автомобильдік полиция бөлімінің офицерлері тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар жетерлік.

Оған дәлел – ҚР ҚК ӘПББ бастығы генерал-майор Т.Дәндібаевтың 2016 жылға арналған әскери техниканы пайдалану кезіндегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскерилердің қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларын алдын алу, оның салдарынан болатын ауыртпалықтарды азайтуға бағытталған профилактикалық жоспары. Сонымен қатар, басқа құзырлы органдармен бірлесе келісілген Жол көлік оқиғаларын алдын алу, ескерту, оны бодырмау сияқты жоспарларын айта келе, олармен қоян – қолтық рейдттік іс – шаралар атқару жоспарлары бар.

Осындай жоспарларды орындау мақсатында, 2016 жылғы 5 (бес) ай қорытындысы бойынша Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағы әскери автомобильдік полиция бөлімінің офицерлері қызмет атқару аясында 536 әскери көліктің дұрыс пайдалану әрекетін тексеріп, оның 35–нен құжаттардың дұрыс рәсімделмегенін анықтап, техникалық талондарын тәркілеу арқылы  парк тұрақ жайына қайтарылу бұйырса, 34–не пайдалану әрекетіне уақытша шектеу қойылып, ӘАП бекетіне тұрақтандырылды.

 Ал, әскери көлікті басқару кезінде әкімшілік тұрғыда құқықбұзушылық әрекеттер бойынша жыл басынан бері 5 мәлімет тіркелген. Оның 4–уі көліктің белгіленген тәртіппен тіркеме құжаттарсыз пайдаланғаны болса, 1 мәлімет көліктің жарықтандыру шамдары белгіленген тәртіпте жұмыс істемегені үшін рәсімделген.

Жыл басынан бері гарнизон әскери бөлімдері мен мекемелерінде жол көлік оқиғаларын алдын алуға, ескертуге және барынша болдырмауға бағытталған жеке көлік иелерімен жүргізілген сұхбаттасу мен өткізілген сабақтар саны 114 болса, гарнизон көлемінде осы мәселеге қатысты 5 конференция өткізілді.

Сондай–ақ, әскери бөлімдер мен мекемелердегі парктерде, кіре – беріс хабарландыру тақталарына жол көлік оқиғаларын алдын алуға бағытталған, жүргізушілерге жол жүру ережелерін сақтауды ескертіп, көліктердің ақаусыз, дұрыс пайдалануға талпындырып, ой салатын түрлі көрнекілік материалдар мен билбордтар тағылып, көше бойына жол белгілері орнатылды.

Осындай ауқымды игі бастама, атқарылған іс – шараларға қарамастан, соңғы 5 ай ішінде түрлі себептермен 6 жеке көлік иелерінің қатысуымен және 1 әскери көліктің қатысуымен жалпы саны 7 жол көлік оқиғасы орын алды. Бұл қазіргі таңда жоғарғы басшылықтың жіте назарындағы ауқымды мәселе. Сондықтан, бұл мәселенің алдын алу тек қана құзырлы органдардың тарапынан атқарылатын ескерту, алдын алу шаралары емес, ол – әр әскери жүргізуші, жаяу жүргінші, жолаушы немесе жеке көлік иелерінен ең бастысы  қырағылық пен жоғары дәрежедегі жүргізу сапасы және жол жүру ережелері қағидаларын қатаң сактауды талаптандыру және оны орындауға міндеттендіру.

Егер әр жүргізуші жүргізуші сыпайылығын танытып, жаяу жүргінші мен жолаушы ереже сақтаса, арты қайғы – қасіретке әкелетін оқиғалардың алдын алып, көлемін азайтуға жол бар. Сол себепті, әскери автомобильдікполиция ұжымы үшін, «Жол кауіпсіздігін қадағалау – басты мақсат!».  

Әділет майоры Д.Нұркельдиев

Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының

әскери автомобильдік полиция бөлімінің бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"