Әскери сотқа 101 қылмыстық іс түскен

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде әскери сот өткен 6 айдағы жұмысын қорытындылап, брифинг өткізді.

Судьялар осы уақыт аралығында сотқа 101 қылмыстық іс түскенін айтады. Ал былтыр осы мерзім ішінде бұл көрсеткіш 137 болған. Осыған қарағанда әскери сотқа түсетін қылмыстық істер саны азайған. Әскери сот төрағасы Сәкен Абдуллаевтың мәлімдеуінше, кадрларды іріктеу жұмысы да күшейтілген. Судья лауазымына кандидаттар таңдауда моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау аса маңызды. Сондықтан, әскери соттың жанынан консультативтік орган құрылған.
 - Қоғамдық кеңестің құрамына сот жүйесінің ардагерлерін шақырдық. Сондай-ақ, әскери салада көп жылдар бойы жұмыс істеген адамдар, Қорғаныс министрлігінің өкілдері және Ұлттық қауіпсіздік саласынан шекара қызметі, Ұлттық ұлан бар. Бұл қоғамдық кеңестің бізге де, қоғамға да пайдасы болады деген ниетпен құрдық, - дейді ҚР әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"