Әскери сот тарихы

Тәуелсіз Қазақстанның әскери соттарының құрылу тарихы 1992 жылдан басталады екен. Яғни, дербестігіміз қолымызға тиісімен, мекеме ірге қалап, іске кіріскен. Егемен Республиканың Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1992 жылғы 20 қаңтардағы қаулысына сәйкес, Қазақ КСР аумағында орналасқан əскери трибуналдар Қазақстан Республикасының құқықтық билігіне берілді. Нақтырақ айтсақ, Әскери соттар жүйесі ел Президентінің 1992 жылғы 11 маусымдағы №802 қаулысымен жəне «Қазақ КСР Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы», «Əскери соттар» атты 4 бөліммен толықтырылған «Қазақ КСР сот құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылы 24 маусымдағы Заңымен құрылған.

Əскери соттардың құрылуының бастауы болып табылатын осы заңмен ел аумағындағы əскерлердің Əскери сотының жəне гарнизондардың əскери соттарының міндеттері мен өкілеттілігі, олардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етуі жəне толықтырылуы, бұдан басқа материалдық техникалық қамтамасыз етілуі айқындалды. Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1992 жылғы 17 сауірдегі қаулысымен Жоғарғы соттың әскери алқасы құрылып, төрағасы болып С.Тасмағанбетов тағайындалды және Қазақстан Республикасы аумағында облыстық соттарға теңестірілген әскерилердің Әскери соты, оның басшылығында А.Краснопевцев, Қазақстан Республикасының аумағында әскерилердің Әскери сотының төрағасының орынбасары Т.Накисбеков тағайындалған. Кейін Қазақстан Республикасының әскерилердің Әскери соты деп атауына өзгеріс енгізілді.
1993-94 жылдар аралығында облыс орталықтарында, үлкен қалаларда Жоғарғы Кеңес Қаулысымен гарнизондардағы әскери соттар құрылды. 1994-2001 жылдар аралығында әскерилердің Әскери сотының төрағасы болып А.Төлеуханов, 2002-2007 жылдар аралығында әділет генерал-майоры С.Тасмағанбетов бекітілді. 2007 жылдың наурызынан 2013 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Әскери сотына С.Байбатыров  төрағалық етті. 2013 жылғы 12 желтоқсандағы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы болып С.Абдолла тағайындалды.
Тәуелсіз Қазақстанның әскерилердің Әскери соттарын құру тұғырында  болған, алғашқы судьялар Т.Накисбеков, Е.Абдыкадыров, А.Курмантаев, Е.Тасыров, К.Саманбетов, Б.Караманов, Б.Ахмедиев, Ж.Алмаганбетов болды. Гарнизондардағы жаңа құрылған соттардың алғашқы төрағаларының ішінде Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Р.Тойматов бар.
1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы соттардың жəне судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының күші бар Президент Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы əскерлерінің Əскери сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы, төрағасы Ж.Қадырханов жəне азаматтық істер жөніндегі сот алқасы, төрағасы Б.Қараманов төрағалық ететін сот алқалары құрылды.
Конституциялық Заңның күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №910 Жарлығымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты құрылды. Бекітілген штатқа сәйкес сот құрамы бір төраға және бір судьядан тұрды. Президенттің 2010 жылғы 26 ақпандағы №926 Жарлығымен сот төрағасы С.Сәкенов және 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №910 Президент Жарлығымен Е.Ахметжанов судья лауазымына тағайындалып, өзге де әскери құрылымдармен және әскери құқық қорғау органдарымен Қарулы Күштер алдына қойылған төрелік мақсаттарын шешті.
Қазіргі таңда еліміздегі сот жүйесіндегі республика бойынша әскери соттарда 39 судья қызмет атқарып, өз  міндеттерін орындап жатыр. Көптеген судьялар сот жүйесінің еңбек сіңірген қызметкерлері, үкімет наградаларымен марапатталған.
Әскери соттарды қаржылық және материалды-техникалық қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттерді орындау мақсатында Президенттің 2016 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Әскери соттың Әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. Сонымен қатар, 1998 жылдан бастап әскери соттармен қаралған істер санының көбейгенін атап өту керек. Әскерилер мен азаматтар өз бұзылған құқықтары және мүдделерін қорғау үшін әскери соттарға көбірек жүгінетін болды. Бұл әскери соттар судьяларының заң үстемдігі туралы түсіндіру жұмыстарының, гарнизондарда өткізіліп жатқан ашық есік күндерінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының веб-сайтындағы әскери соттардың сот актілерінің қол жетімділігінің нәтижесінде жүзеге асырылып отыр.
Әскери соттардың судьялары өз қызметінде судьялардың кәсіби парызына, сот әдебі нормаларына, сот отырыстарының тәрбиелік әсеріне, шығарылып жатқан үкімдер мен шешімдердің сапасына аса көңіл бөледі. Осының барлығы Конституцияда көрсетілген азаматтардың бостандығы мен құқықтарын сотпен қорғауды қамтамасыз етуге, адамдар мен қоғамның шынайы және әділетті сот төрелігіне сенімдерін нығайтуға бағытталған.  

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"