Әскери саперлер Арысты минадан тазарту жұмыстарын орындауда

Әскери саперлер Арысты минадан тазарту жұмыстарын орындауда

Қазіргі уақытта оқиға орында жарылғыш заттармен тиісті жұмыс тәжірибесі бар әскери қызметшілерден құралған тоғыз минадан тазарту тобы жұмыс жасауда. Аталған топтар жарылмаған оқ-дәрілерден аймақты тазарту бойынша кешенді шараларды орындайды.

Оқ-дәрілерді тазарту жөніндегі жұмыстар қоймаларды жарылғыш заттардан және елді мекендерге жақын орналасқан басқа сақтау орындарынан барынша тазарту мақсатында ұйымдастырылды. Бірінші кезекте Арыстағы темір жолдар мен қала тұрғындарының үйлеріне оралғандағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арсенал іргесіндегі ғимараттарды тазарту жүргізіледі. Бұдан басқа, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, Арыс қаласының жерлерін және арсеналдың техникалық аумағын барлау жүзеге асырылады.  Бұл аппарат инженерлік бөлімшелердің жұмыстарын бақылаап қана қоймай, жарылғыш заттардың табылғаны жөнінде жедел штабқа хабарлайды. Соның арқасында Шымкент қаласына бағытталған дала өртінің таралу қаупі уақытында анықталған болатын. Әскери полиция бөлімшелері күндіз-түні күзетіп, 700-ге жуық әскери қызметші қаланы бақылауына алды. Сонымен қатар оқиға орнында 1200 адамға арналған далалық лагерь ашылды. Тамақ беруді ұйымдастыру үшін механикаландырылған далалық наубайхананы қосқанда, шаруашылық заттарының пунктері ашылды. Өкінішке орай, алған жарақаттан келісімшарт қызметіндегі әскери қызметші аға сержант Б.М. Әлімбеков қаза болды, ал екінші жоғалып кеткен әскери қызметші табылды, қазір ол емдеу мекемесіне орналастырылды. Оқ-дәрілер жарылысының салдарын жоюға жеке құрамнан 1800-ге жуық адам және 50 бірліктен аса техника жұмылдырылғаны алдында айтылған болатын. ҚР Қарулы Күштері жеке құрамының күшімен оқиғаның салдарын жою және әлсірету шаралары жүргізіліп жатыр.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи