Әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру мәселесі талқыланды

Әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Парламенті Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен әскери-патриоттық жұмыстарды одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кездесу болып өтті.

Аталған шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен әлеуетті құрылымдардың басшылары, әскери-патриоттық клубтар мен кадеттік сыныптардың тәрбиеленушілері қатысты.
«Елбасының тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ ағымдағы жылғы ақпан айындағы кездесудің ұсынымдарын назарға ала отырып, біз мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың жүйелі жұмысын қалыптастырдық. Бүгінгідей кезекті кездесуді ұйымдастыру табысты ынтымақтастықтың жарқын мысалы. Қазіргі уақытта жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде біз ардагерлер ұйымдары мен әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызметтерді белсенді түрде тартып отырмыз. Осы ұйымдардың бәрі өңірлердегі, тұтастай алғанда еліміздегі жас армияшылар қозғалыстарын біріктіруде лайықты үн қатысу алаңына айналып отыр, - атап өтті ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.
Бүгінде елімізде 2800 бала білім алып жатқан 101 кадеттік сынып ашылғанын атап өткен жөн. Кадеттік сынып тәрбиеленушілері әскери мамандықтың әліппесімен танысып, ментальды арифметиканы игеріп, бал билерін, атқа міну, қол жекпе-жегі ұрысының элементтерін, шет тілдерін меңгеріп, этика бойынша білім алады.
Кездесу барысында ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің төрағасы Дариға Назарбаеваға І-дәрежелі «Ел қорғаны» медалі табыс етілді. Өз кезегінде ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен бірқатар азаматтарға әскери-патриоттық тәрбиені дамыту ісінде атқарылған жұмыстары үшін грамоталар мен алғыс хаттар берілді. Кездесудің қорытындысы бойынша шараға қатысушылар Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық жұмыстарды одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП