Әскери ортаның бірлігі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Приозерск гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің жеке құрамының қатысуымен қалалық мерекелік шеру ұйымдастырылып өткізілді. Қаланың орталық алаңына жиналған қалалық мекемелердің қызметкерлері мен білім нәрімен сусындап жүрген оқушылардың қатарынан орын алған әскери қызметшілер де сап түзеді. «Бірлік бар жерде, тірлік бар»  демекші, мерекелік шерудің жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысқан Отан қорғаушылар асқан ұйымшылдық танытып, өздерінің бірлігі мығым екендіктерін көпшілік алдында дәлелдеп берді

Мерекелік шерудің бетпердесін Приозерск қаласының әкімі Қ.А.Камзин ашып берді. Құттықтау сөз сөйлеген қалалық Маслихат хатшысы Б.М. Сәрсембеков пен Приозерск гарнизонының бастығы Ж.Қ. Жакупов мерекелік шеруге жиналған көпшілік қауымға татулық, ынтымақ және бірлік тіледі.

Орталық алаңда мерекелік шеру басталысымен, Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің тізгінін «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жеке құрамы өз өолдарына алды. Іле-шала әскери қызметшілер қатарынан сап түзеген Приозерск гарнизонындағы 44841, 60601 және 18405 әскери бөлімдерінің жеке құрамы орталық алаңмен жүріп өтті. Тәуелсіз Қазақстанның көк түсті жалаушаларды жоғары көтеріп ұстаған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері мерекелік шеру шерудің өтуі барысында жоғары белсенділік танытқанын айта кеткен жөн.

Айтулы мерекелік шеруде асқан ұйымшылдық таныта білген Приозерск гарнизонының әскери қызметшілерінің мұнымен тұралап қалмасы анық. Бүгінгі таңда подполковник Жаслан Жакупов басшылық ететін Приозерск гарнизонының барлық санаттағы жеке құрамы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне қызу дайындық үстінде. Сонымен қатар, Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында қалалық «Мәңгілік полк» акциясына атсалысып, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қалалық орталық алаңда өткізілетін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің бірлескен әскери шеруіне қатысады.

Ендеше, Приозерск гарнизонының жеке құрамына сәттілік тілейміз!

 

Т. Кенжебеков

                                                         06708 әскери бөлімі                                                                        


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК