Әскери ғылым саласына назар аударылды

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бергі мемлекеттік дамуы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен белгілеген ұзақ жылдарға арналған бағдарламаларды іс жүзіне асырумен астасып жатыр. Егемен, дербес мемлекет ретінде ел дамуының басты бағыттарының бірі 1992 жылы алғашқы рет қабылданған «Қазақстанның қалыптасуы мен даму Стратегиясы» болса, онан кейін де ұзақ мерзімдерге бағытталған еліміздің даму Стратегиялары қабылданды. Бүгінгі таңда халқымыз 2012 жылы айқындалған алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті отыз елдің құрамына ену бағытында басты бағдарламаларды жүзеге асыруда. Мемлекет дамуының басты бағыттарын саралап, болашаққа жол нұсқайтын негізгі бағдар ол – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ата заңымызға сәйкес Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы Жолдауы. Елбасы Жолдауының маңызы мен мәні тереңде, онда халық көкейіндегі өзекті мәселелер шешімін таба отырып, келешекке деген нық сенім қалыптасады.
Еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуы және халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттеріне бағытталған биылғы жылғы жаңа Жолдауды Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жеке құрамы ерекше ынта ықыласпен қабылдады.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында белгіленген міндеттер жүзеге асырыла отырып, ел экономикасын жаңа белестерге көтеру көзделуде. Жолдауда атап көрсетілген басымдықтардың барлығының да еліміз үшін маңызы өте зор. Президент Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру мен бірге басты назарды ғылым саласын дамытуға аударды. Жалпы ғылым саласының ішінде әскери ғылымды дамытудың орны айрықша. Әлемдегі алмағайып өзгермелі кезеңде қауіпсіздік мәселесі, сыртқы саясаттың тиімділігін арттыру басты назарда, ал қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери ғылымның маңызы ерекше. Сондықтан Елбасының ғылым саласын дамытуға мүмкіндік жасап, ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін білім, ғылым, денсаулық қажетіне бөлуі жоғары оқу орындарының материалдық базасын жақсартуына, ғылым саласына мол үлес қосуына мүмкіндік беретіні айқын.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев Жолдауда тиімді сыртқы саясатқа бағытталған басымдықта барлық мемлекеттермен ынтымақтастықты арттыра отырып, ұлттық мүддені сақтауды талап етеді, яғни мемлекетіміздің қауіпсіздігінің басты кепілі Қарулы Күштерінің алдында атқарылуы тиіс көп міндеттер тұр. Сондықтан, мемлекеттік тұрақтылық пен бейбітшілік, еліміздің тыныштығы мен территориялық тұтастығын қорғау жолында әскери қызметшілер талмай еңбектенуі қажет.
Полковник А.МҰСТАБЕКОВ
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"