«Әскери дискурс» семинары өз мәресіне жетті

«Спасск» оқу-жаттығу полигонының базасында республикалық БАҚ өкілдері мен Қазақстанның блогерлері үш күн бойы әскери істің қыр-сырын меңгеріп, экстремалды жағдайларда өздерінің жұмыс жасау мүмкіндіктерін бағалады.

Қатысушылардың алдында жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда арнайы операциялар кезінде өздерінің іс-қимылдарын пысықтауды үйрену тапсырмасы тұрды. Аталмыш семинар журналистерге өз көздерімен Қазақстанның заманауи Қарулы Күштерінің тыныс-тіршілігін паш етті. Оқу аясында журналистер терроризм проблемаларын зерттеу, экстремистік топтардың жалпы сипаттамалары, қаржыландыру қағидаттары туралы біліп қана қоймай, сонымен бірге, оларды қызықтырған сұрақтарына мардымды жауап алды.  Семинардың үш күндік бағдарламасы өте қызықты болды. Дәріс курсын, оқу фильмдерін тамашалауды, әскери техниканы көрсетуді, сондай-ақ алған білімдерін тікелей іс жүзінде қолдануды қамтыды. Әр күн сайын семинардың басынан бастап қатысушылар армиялық өмірдің күйбең тіршілігіне батты. Семинар барысында қарсыластың шабуылыңың қатері туындаған кезде, миналық алаңнан өту кезіндегі журналистердің іс-қимылдары пысықталды, сондай-ақ атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізілді. Сабақтар барысында алған моральдық-психологиялық дайындық БАҚ өкілдеріне әрі қарай барабар ден қоюға және экстремалды жағдайларда тиімді жұмыс жасауға септігін тигізеді. Қазақстандық журналистермен сабақтарды кәсіби нұсқаушылар, ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери қызметшілері өткізді. Одан басқа, әскери журналистика бойынша шеберлік сағатын өткізу үшін Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментінің топ бастығы полковник Алексей Золотухин шақыртылды. Ол дискурс барысында Сирия Араб Республикасында Ресей Әуе-ғарыш күштерінің жауынгерлік операцияларын жүргізу кезінде алған тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара аяқталысымен дискурсты ұйымдастырушылар бұқаралық медиа өкілдерін олардың белсенді қатысып, мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру және Қарулы Күштерді дамыту жөніндегі мәселелерді ақпараттық жария ету мәселелерінде жүргізіп жатқан жұмыстарына алғыс білдірді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"