Әскери байланыс нығая түседі

Қазақстан мен Қытай екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Дәлірек айтқанда, Астанада Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің Қытай ұлт азаттық армиясы Батыс әскери округінің бас қолбасшысы генерал-полковник Чжао Цзунцимен кездесуі өтті.

Келіссөз барысында тараптар екіжақты әскери ынтымақтастық, оның ішінде, қазақстандық әскери қызметшілерді Қытайдың әскери жоғары оқу орындарында дайындау, бірлескен оқу-жаттығуды өткізу мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірдегі қауіпсіздік саласындағы ахуал бойынша пікір алмасты. Елордада шетелдік меймандар үшін ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Одан басқа, сапар аясында Қытайдың әскери делегациясы Алматы гарнизонының әскери бөлімдеріне барады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"