Әскери басқару органдарының жұмысын жетілдірудің өзекті мәселелері

Қорғаныс министрлігінде әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевтың жетекшілік етуімен Қазақстан Республикасы жергілікті әскери басқару органдарының (ЖӘБО) басшылығымен семинар өткізілді.  

Конструктивтік арнада өткен семинар жұмысы жергілікті әскери басқару органдары қызметінің маңызды мәселелері мен проблемаларын талқылауға мүмкіндік берді.  Жас ұрпақ дәл осы қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармаларға немесе ел аузында айтылып жүрген әскери комиссариаттарға барудан бастап Қазақстан армиясы туралы алғашқы әсерлерін алатындары мәлім. Демек, ЖӘБО қызметкерлерінің халықпен дұрыс өзара әрекет жасау, патриоттық-тәрбие жұмысын  сауатты жүргізу бастапқы мәнге ие. ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етудің маңыздылығы мен абыройы туралы кеңінен насихаттау соңың арқауы болып табылады.  Аталған мәнмәтінде министр олардың тарапынан кейіту мен шағымды жойып, шақырылушылар және олардың ата-аналарымен ұйымдастыру жұмысының сапасын арттыруға назар аудартты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мінез-құлық әдебін сақтау туралы ескертті. Себебі, осындай факті халықтың армияға деген сеніміне нұқсан келтіреді. Бұл ретте Н.Ермекбаев жұмылдыру даярлығы мәселелерінің біршама бөлігі шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар ету мен жеткізуге, көлік құралдарын және т.б. жеткізуді қамтамасыз ету мен ұйымдастыруы тиіс заңнамалық тұрғыдан әкімдіктерге жүктелетінін еске салды.   Аталған жұмысты ұйымдастыруда Астана, Алматы қалалары және Қызылорда облысының әкімдіктері өздерін жақсы жағынан көрсетуде.  Сондай-ақ Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында әскери қызметке азаматтарды шақыру бойынша жұмыста нашарлық байқалады.  Бұл жиі түрде жергілікті атқару органдары тарапынан тиісті қолдаудың жетіспеушілігімен байланысты екені атап өтілді.  Одан басқа, қолданыстағы құқықтық тетіктер бола тұра жастардың әскери қызметке шақырылудан жалтаруы жағдайлары жалғасуда. Осыған орай, заңнамалық деңгейде шақырылушылардың жауапкершіліктерін арттыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Семинар барысында жергілікті әскери басқару органдарына келу қажеттілігі туралы шақырылушыларды хабардар ету кезінде проблемалар айқындалды. Ірі қалалар мен аудандардың ЖӘБО кейбір бастықтары олардың қызметкерлері өздерінің жеке бос уақыттарын жоғалтып, күндерін шақырылудан жалтарып жүрген алақол жастарды іздестіруге арнауға мәжбүр екендерін атап өтті. Осы мәселені шешу мақсатында министр шаралардың бірі ретінде шақырылушыларды хабардар етудің жаңа тәсілдерін енгізуді, оның ішінде, «армияны цифрландыру» бойынша бағдарлама шеңберінде СМС арқылы хабарламалар түрінде немесе танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы электрондық хабардар етуді қолдау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Маңызды пікірталас әскери басқару органдарында ЖӘБО қызметкерлері және азаматтық тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі болды.  Әңгіме делдалдық қызметтерді ұйымдастыру арқылы пара алу фактілері туралы болды. Министр бұл мәселені ерекше бақылауға алып, шақырудан заңсыз кейінге қалдыруға қатысы бар лауазымды адамдар мен делдалдардың бетпердесін ашып, әшкерелеуді тапсырды.   Оның үстіне, ЖӘБО-ны жергілікті жерлерде құқық бұзушылықты әшкерелеуде жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген бейнекамералармен толыққанды жабдықтау бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша жергілікті әскери басқару органдарының жұмыс жүйесін одан әрі жетілдіру, оның ішінде, көктемгі шақыруды сапалы өткізу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар қойылды.   Семинар өзекті мәселелерді талқылау және құрамалар, бөлімдер мен мекемелердің әскери қызметшілерінің қатысуымен оңтайлы шешімдерді әзірлеу жөніндегі қорғаныс ведомствосы қызметінің жаңа форматтағы жалғасына айналғанын айта кеткен жөн. Аталған алаң ҚР Қарулы Күштерінің қызметін қалай жақсартуға болатындығы туралы тәжірибелері, ойлары және идеяларымен бөлісулері үшін белгілі бір жетістіктерге жеткен офицерлерді тыңдауға мүмкіндік береді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"