Әскери барлау органдары

Әскери барлау органдары

Әскери барлау – қарсыластың немесе ықтимал қарсыластың қарулы күштері туралы, мемлекеттің экономикалық, моральдық-саяси жағдайы туралы мәліметтер алу және зерттеу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы. Әскери барлау стратегиялық, оперативтік және тактикалық болып үш түрге бөлінеді. Олар өзара тығыз байланысты, әрі бірін-бірі толықтырып тұрады. Әскери барлауды әскер (әскери барлау) күштері мен құралдары, арнайы органдар (агентуралық барлау) жүргізеді.

   Тарихқа шегініс жасайық. Брест бітімгерлігіне қол қойылғаннан кейін, барлық штабтар жойылып, әскери барлау өз жұмысын тоқтатты. 1917-ші жылдың қараша-желтоқсан айларында Могилев қаласында Жоғары Бас қолбасшының Жарлығымен барлау бөлімінің бастығы болып В.А.Фейерабенд тағайындалды. Келер жылдың көктемінде жауынгерлік қимылдарға жетекшілік жасау үшін Жоғарғы әскери кеңес құрылды. Штабтарда барлаук бөлімшелері жасақталып, алғашқы барлау кестелері мен мәліметтер түсе бастады. Барлау жұмыстарымен Бас штабтың ақпараттарды іздеу және өңдеуден тұратын Бас басқарма генерал-квартирмейстердің екі бөлімі айналысты. Бөлімнің міндетіне негізінен майданнан түсетін жетілмеген, нақты емес ақпараттарды жинау, өңдеу және барлық барлау материалдарын жүйелендіру кірді. 1918-ші жылдың маусым айының соңында Әскери халық комиссариаты Л.Троцкий кеңестік әскери барлаудағы тұңғыш «Барлау және контрбарлау қызметінің жалпы ережелері» құжатын бекітті. Революциялық әскери кеңестің және далалық штабтың бұйрықтарымен 5 қараша – әскери барлау күні болып бекітілді. Далалық штаб құрамында барлық әскери барлау агенттігінің басын біріктірген тіркеу басқармасы құрылып, тұңғыш бастығы болып С.И.Аралов тағайындалды. Тіркеу басқармасының құрамына агенттік және әскери бақылау, яғни контрразведка секілді екі бөлімше кірді. Әскерлер барлауымен Шұғыл Басқарманың барлау бөлімшесінің 15 адамнан тұратын құрамы айналысты. Агенттік барлау және әскери бақылау органдары пайда болғанымен, жалпы әскери барлау топтасқан күйде қалды. Көп ұзамай Мәскеуде барлау және әскери бақылау курстары ашылды. Оның бағдарламасы жаяу әскер барлау, артиллерия, география, байланыс қызметі, әкімшілік, тактика, артиллериялық барлау, бақылау барлау (контрразведка), инженерлік бақылау, топография, кавалерия барлауы (атты әскер), әскери-топографиялық барлау, агенттік барлау пәндерінен құралды. Кейінірек француз, неміс, ағылшын, жапон, швед, фин және тағы басқа шет тілдерін оқыту басталды. 1921 жылдың сәуір айында тіркеу басқармасы республиканың революциялық әскери кеңесінің Барлау басқармасының штабы болып өзгертілді. Басқарманың штатына әскери барлау бөлімі де қосылды.

   Запастағы полковник Марат АМАНОВ, әскери барлаудың ардагері: «Әскери барлау – үлкен мектеп. Мен әскери барлауда 30 жыл қызмет еттім. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында барлау басқармасын басқардым. Менің ойымша, әскери барлаушы шапшаң, шыдамды, салқынқанды, денесі шыныққан, қандай қиындық болмасын төзімді болуы керек. Барлаушыға ынта мен жігер, білім мен біліктілік, берілген тапсырманы тыңдай білу және оны іс жүзінде дұрыс орындай білу аса маңызды. Әрине, жыл өткен сайын барлаушылардың жауынгерлік әзірлігінің деңгейі жетіліп, тиімділігі де анағұрлым артып келеді. Дегенмен, кез-келген күрделі жағдайда тапсырманы орындауда жауынгерлік дайындықтың деңгейін барынша арттыру, әсіресе лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресте барлаушыларға бүгінгі заманның талабына сай кәсіби амалдар мен қимыл-әрекет әдістерін үйрену қажет».

   Қатардағы жауынгер Азамат ТЕНЕЛГЕН:
   «Біз барлаушы – қиындықтан қашпайтын,
Біз барлаушы – жау алдында саспайтын.
Біз барлаушы – қасық қаны қалса да
Ешбір жанға елдің сырын ашпайтын.
Біз барлаушы – алдыңғы шеп сенімі,
Нық сөйлеген, қансыраса да еріні.
Біз барлаушы – шайқасқанда қолданар
Аяқ-қолы – ең сенімді серігі.
Біз барлаушы – қатаң тәртіп сақтаймыз,
Біз барлаушы – бұйрық берсе тоқтаймыз.
Біз барлаушы автоматын оқтаған
Оқ тисе де Отан-Ананы сатпаймыз.
Біз барлаушы – бағыт берер бағдармен,
Түн ұйқысын атыратын таңдармен.
Тыныштығын күзететін елімнің
Жауапкерлік жаннан артық болғанмен.
Біз барлаушы – болуға да бекембіз,
Іріктеліп шыққан жоқпыз бекер біз.
Ақмоладан таттандырған сарбаздар
Батыр бабалар ерлігінің алдында
Сөзсіз тыңдап, құрметтеумен өтеміз,
Сенімдерін ақтауға ант етеміз».

   Әскери барлау органдарының құрылғанына 99 жыл толуына арналып «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде салтанатты жиын өтті. Әскери барлау органдарының құрылған күнімен жеке құрамды бөлім командирі подполковник Сәбит Әзірбайұлы Үркінбаев, әскери бөлімдегі ҚР Қарулы Күштері ардагерлері кеңесінің төрағасы запастағы полковник Марат Аманов құттықтады. Әскери барлау органдарының құрылған күніне орай бір топ әскери қызметшіге алғыс жарияланды. Әскери тәртіп пен ұрысқа әзірлікті жетілдіруге қосқан қомақты үлесі және қызметтік міндеттерін атқаруда белсенділік танытқандығы үшін барлаушылардың тағы бір легі мақтау грамотасы және сыйлықтармен марапатталды. Әскери барлау күніне шашу ретінде концерттік бағдарлама да ұсынылды. Шырқалған әсем ән мен күмбірлеген күй әскерилердің патриоттық сезімін оятты, рухани күш берді.

Алуа ИСКАКОВА
Суреттерді түсірген автор  


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений