«Әскер Медиа-2017» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Биыл елімізде тұғыш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен «ӘСКЕР МЕДИА – 2017» республикалық баспасөз фестивалі ұйымдастырылған болатын. Кеше Астанадағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде осы фестивальдің қорытындысы шығарылып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақовтың өзі арнайы келіп қатысты. Сондай-ақ, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлов, Мәжіліс депутаты Айбай Тасболатов және еліміздегі белді баспасөз құралдарының басшылары келді.

«Құрметті журналистер, елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған фестивальге қош келдіңіздер! «ХХІ ғасыр ­– ақпараттар ғасыры» деп бекер айтылмаған. Біз Елбасының сарабдал саясатының арқасында әскери салада да, ақпараттық салада да әлемнің дамыған елдерімен бәсекелестікке төтеп бере алатындай дәрежеге жеттік. Алдағы уақытта да біз сіздермен тығыз байланыста болып, әскери саладағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында ашық әрі шынайы ақпарат таратамыз деп сенемін», – деді  мараптаттау кешінің шымылдығын ашқан алғы сөзінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Генерал-полковник Сәкен Әділханұлы. Сонымен қатар, ведомство басшысы «Қазақстан» ұлттық арнасының «Ақ сауыт» әскери бағдарламасын арнайы құттықтап, алғыс хат табыстады.

Бұл республикалық және өңірлік деңгейлердегі қалам иелерінің барлығына ортақ бәйге болды деп айтуға толық негіз бар. Себебі, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған фестивальға баспасөз, телевизия, электронды БАҚ, радио және блогерлер де қатысып, бақтарын сынауға мүмкіндіктері болды.

Фестивальдің негізгі мақсаты – Қарулы Күштердің барынша ашықтылығы мен қолжетімділігін арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарында Қарулы Күштер қызметін білікті түрде жария ету, қоғамда оң көзқарас қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру және насихаттау. Сондай-ақ, бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

«Әскер медиа-2017» тұңғыш республикалық байқауы ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, қазан айының соңғы күніне дейін өтініш қабылдаған болатын. Бір қуантарлығы алғаш өткізіліп отырса да фестивалге қатысу үшін 200-ден астам өтініш келіп түсіпті.

Ал, келген жұмыстарға қойылған басты талап; кәсібилік деңгей, тақырыптың өзекті болуы және тілінің тазалығы. Осы талаптарға сай материалдар бүгінгі фестивалінің қорытындысында «Үздік телевизиялық бағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал», «Ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс», «Үздік фотожұмыс», «Әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс», «Үздік әскери шолушы», «Үздік жас журналист», «Үздік өңірлік БАҚ» номинациялары бойынша ең үздіктері анықталды.

Сонымен, кезек қатысушылардың арасынан оза шапқандарды марапаттау рәсіміне де келіп жетті. «Үздік телевизиялық бағдарлама» аталымы бойынша алты бағдарламаның арасынан Атырау телеарнасының «Арнайы репортаж» бағдарламасы үздік шығып, Айнагүл Қалбаева марапатталды.

«Үздік радиобағдарлама» аталымы бойынша бақ сынаған үш үміткердің арасынан Қазақ радиосының «Сардар мен Сарбаз» бағдардамасының бағы жанып Мадина Ишанова жүлдегер атанды. Ал, «Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал» аталымы бойынша сыйлық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі, Азамат Қасымға бұйырды. «Ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс» аталымы бойынша «Информ бюро» агенттігінің тілшісі Григори Беденко еншілесе, «Үздік фотожұмыс» аталымы бойынша «Казахстанская Правда» газетінің фототілшісі Юрий Беккерге берілді. «Үздік әскери шолушы» аталымы бойынша «Караван» гатенінен Владимир  Северныйдың материалы үздік деп танылды. «Үздік жас журналист» аталымы Рысгүл Дарханқызына бұйырса ал, «Үздік өңірлік БАҚ» аталымы бойынша  Атырау облысынан қатысқан Нұргүл Рамазановаға табысталды.

Біз жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтап, бүгінгі кештен алған әсері туралы сұраған едік.

Сәуле Мықтыбаева, «Ақсауыт» әскери-потриоттық бағдарламасының продюсері:

Бұл әскери журналистикаға арналған еліміздегі тұңғыш фестифал. «Ақ сауыт» әскери бағдарламасы да әскери бағдарламалар арасындағы алғашқы қарлығаштардың бірі деп айтуға болады. Біз қанша жылдан бері әскери саланың мамандарымен тығыз жұмыс жасап келеміз. 2013 жылдан бері «Ақ сауыт» біраз өзгерді. Журналистерден нағыз әскери адамша қимылдауды, солармен бірге жүгіріп, секіріп, жаттығу жасап, оқ атып, жан алып-жан берісіп жүруді талап еттік. Ол сол кезде ғана нағыз әскери өмірді бере алады. Міне, сол еңбегіміздің барлығы еленіп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Генерал-полковник Сәкен Әділханұлының қолынан арнайы алғыс хат алып тұрмыз.

 

Азамат Қасым, «Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал» аталымы бойынша жеңімпазы:

Шығыс өңірінде Оңтүстік Қазақстаннан келген егіз жігіт әскери салада қызмет атқарып жүр екен. Бұл біздің елімізде өте сирек кездесетін жағдай. Олардың тағы бір ерекшелігі 9-7 мамырдағы үлкен парадқа екуі де сынақтан өтіп, жыл сайын сап түзеп жүрген сарбаздар. Міне, осы азаматтар туралы мақала жазған болатынмын. Бүгін сол материалым үздіктер қатарынан көрініп тұр.

 

Нұргүл Рамазанова, «Үздік өңірлік БАҚ» аталымдары бойынша жеңімпаз:

Мен бала кезімнен әскери салада қызмет жасауды армандаушы едім. Бірақ бұл салада жұмыс жасау манің пешенеме бұйырмаған екен. Есесіне журналстік қызметім сол бала арманымның орындалунан өз үлесін қосып жүр. Осы журналистикада жүріп те әскери сала туралы қалам тербеп жүрген жайым бар. Әскерилердің өмірі, олардың күннің ыстығы мен суығына, түрлі қиындықтарға шыдамдылық танытып, отан үшін жан аямай жүрген сәттерінен қалың бұқараға жеткізу де үлкен мәртебе. Бойымдағы бала арманым қалам алдырса, сол қаламымнан туған дүние бүгін мені жүлдегер қылып тұр. Мен өте қуаныштымын. Қай салада жүрсем де отаныма адал қызмет етемін деп ант беремін. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"