Әскеріміздің жауынгерлік қабілеттілігінің деңгейі жоғары

Қазақстан Президенті Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы мен армия алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы Күштерді жасақтау қарқынды жүргізіліп келе жатқанына тоқталып, бұл жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

– Қыста да, жазда да әскери оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Әскеріміздің жауынгерлік қабілеттілігінің деңгейі жоғары. Тәртіп жақсарғаны байқалады, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті әскерді қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа түрлерімен қайта жарақтандыру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру, еліміздің аумақтық қауіпсіздігі мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін дамыту мәселелеріне назар аударды.

Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына әскердің жауынгерлік қабілеттігі деңгейін, Қазақстан әскері қатарындағы тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтау шараларының атқарылу барысы туралы мәлімдеді.

– Бүгінде Қарулы Күштер қатары 93% деңгейінде жасақталды. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл көрсеткіш 2015 жылы 89% болған еді. Қазіргі уақытта офицер, сержант және қатардағы сарбаз құрамдарын жасақтау үшін әскерге келісімшарт бойынша шақыру жұмыстары жүргізілуде. Мерзімді әскери қызмет қатарына алынатындар санын арттырдық. Биыл әскердің барлық түріне 34 мыңға жуық мерзімді әскери қызметшіні шақыру жоспарланып отыр, – деді Қорғаныс министрі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"