Әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді

Елбасымыз Н.Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз Жол-дауын арнап, тәуелсіз Қазақста¬нымыздың дамуының басты бағыт-тарын белгілеп келеді.

Соның нәтижесінде егемен елі¬міз әрқашанда жаңа биіктерді бағындырып, бүгінгі күні «Қазақстан – 2050» страте¬гиясын қабылдаған, ең дамыған 30 елдің қатарына жету мақсатын көздеген айбынды мем-лекетке айналды.
Енді осы ұлы мақсаттарға жетудің жаңа тарихи дәуірі басталды.
Елбасымыз халыққа «Төртінші өнер¬кәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жол¬дауын жария¬лап, өнеркәсіптік рево-люция әлеміне бейім¬делудің және табысқа жетудің 10 міндетін атап көрсетті.
Оның ішінде ең алдымен, ин¬дус¬трия¬ландыруға, әсіресе, кәсіп¬орындарды жаңғыртуға және ци¬фрландыруға, ке¬шен¬ді ақ¬парат¬тық¬-технологиялық платфо𬬬маларды белсенді түрде енгізуге, «Ақылды технологиялар» арқы-лы аграр¬лық ғылымды дамы¬туға, көлік-логистика инфра¬құ¬рылы¬мының тиімді¬лігін арт¬ты¬ру¬ға, құрылысқа және ком¬муналдық секторға заманауи техно¬ло¬гияларды енгізуге, қаржы секторын қайта жаң¬ғыртуға айрықша назар ауда¬рылып отыр.
Сондай-ақ Елбасының биылғы Жолдауында әр жылда негізгі міндетке айналып келе жатқан әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлінді.
Онда жастарды жаңа техноло¬гиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсеткіштері айқындалды. Осы ретте Елбасы білім беру мекемелері арасында бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектеп¬терінде жан басына қатысты қаржы¬ландыру жүйесі енгізілетінін ерекше атап өтіп, азаматтарды әлеуметтік қаржылай қолдаудың басым бағыттарына тоқталды.
Елбасының заманауи даму жолдарын ескере отырып, қазақ тілінің өркендеуіне, рухани жаң¬ғыруға, халықтың денсау¬лығын ны¬ғайтуға баса назар аударғаны Прези¬дентіміздің халқының бар қа¬дір-қасиетін бойына жинаған ұлттық рухын көрсетті.
Сонымен бірге, алдағыны бол¬жап, ертеңгісін де оза ойлайтын, барша қа¬зақстан¬¬дықтарды, бүкіл мемлекетті әлемдік өркениетке жетелейтін, көреген көшбасшы, саяси қайраткер, тарихи тұлға екендігін тағы бір дәлелдеді.
Сондықтан Елбасының биылғы Жолдауы – заманға сай тарихи өрлеу дәуі-ріне бастайтын, барша қазақ¬стан¬дықтарды ортақ мақсат жо¬лында жұмыл-дыратын, әрбір аза¬матты нақты іс-әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындайтын өте маңызды құжат.
Оны жүзеге асыру әрқайсымызға, соның ішінде, біздің Парламент депутат-тарына зор жауапкершілік жүктейді.
Оны абыроймен атқару бар¬шамыздың абыройлы міндетіміз.
Нұрлан Нығматуллин,
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы  

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"