«Әлем жауынгері» байқауына үздік әскери қызметшілерді іріктеу жалғасуда

Армиялық халықаралық ойындары – 2019 байқауына қатысуға командаларды дайындау шеңберінде «Спасск» оқу-жаттығу полигонының базасында Қарулы Күштер ауқымында «Әлем жауынгері» байқауына қатысу үшін кандидаттар арасында сайыс өткізілді.

Сайысқа әскери бөлімдерде, әрі қарай Қарулы Күштердің өңірлік қолбасшылықтары мен түрлерінде желтоқсан мен ағымдағы жылғы наурыз аралығында кезең-кезеңмен өткізілген іріктеу іс-шараларының жеңімпаздары келді.  Сайысқа барлығы 76 әскери қызметші қатысты. Оның 20-сы әйел әскери қызметші. Халықаралық сайысқа қатысушылардың кәсіпқойлығын мынадай санаттар бойынша анықтады: «Атлет» әскери-спорттық кезеңі, «Кәсіпқой» әскери-кәсібилік кезеңі, атыс даярлығы бойынша «Мерген» сайысы, «Кавалер» әдеби-көркемдік және би байқауы және әскери тарихты білу жөніндегі «Білімпаз» байқауы.  Іріктеу нәтижелері бойынша 16 адам санында үздік нәтижелер көрстекен әскери қызметшілер анықталды. Олардың 11-і ер адам және 5-еуі әйел. Олар байқауға әрі қарайғы дайындықты жалғастырады. «Әлем жауынгері» халықаралық байқауы «АрХО-2019» ойынының тізбесіне кіреді және биылғы жылы Армения Республикасының аумағында өтетінін естеріңізге сала кетейік. 2018 жылы қазақстандық команда байқауда бірінші орынды жеңіп алды.  



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"