Адал қызмет. Биік мақсат. Алар белес.

Асылы, өскелең ұрпақ,  Отан қорғаушы нағыз азамат тәрбиелеп отырған әрбір отбасы «әскери комиссариат» деген ұғыммен таныс екені хақ. Өйткені, мектеп табалдырығының жоғарғы сыныбында оқып жүргенде-ақ ұлыңызға  «әскери комиссариатқа» келуіне шақырту қағазы келіп тұрады. Бүгінде «Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» атанған бұл мекеме қызметінің мемлекетіміз үшін маңызы зор. Қазақстан Республикасының  әрбір азаматы мемлекеттің жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету үшін өзінің мекенжайына байланысты әскери есепте тұруы  және шақыртылған уақытында басқармасына келуі қажет. Әскери есепке мына азаматтар алынбайды: әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер, ҚР «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына тиісті әскери қызметтен босатылған тұлғалар, бас бостандығынан айырылған азаматтар, Қазақстан Республикасынан тыс, тұрақты шетелде тұратын азаматтар. Қорғаныс істер жөніндегі басқармасы қызметінің ең негізі міндеті – мемлекеттің  қорғанысы мен  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  сапалы және мерзімінде әскерге шақырылушылардың және әскери қызметшілердің санын, жұмылдырушы адам ресурстарын анықтау, әскери есеп алу. Сонымен қатар, Қарулы Күштердегі әскерлерді жұмылдыра өрістетуді және жасақтауды қамтамасыз ету үшін әскери қызметшілер мен әскерге  шақырушылардың ішінен әскери мамандарды дайындап, оларды жинақтау. Міне, еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін сақтауды міндет еткен бұл мекеме қызметшілерінің маңдайтерлі еңбектері ауыз толтырып айтарлықтай екеніне көз жеткізіп отырмыз. Осы жерде өзім қызмет ететін Жамбыл облысы Тараз қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы  және онда мінсіз қызмет етіп келе жатқан ардагер қызметкерлеріміз жайында айтқым келіп отыр.

Жалпы 1918 жылы 8 сәуірде Халық Кеңес Комиссарларымен «Болыстық, уездік, губерниялық және өңірлік қорғаныс істер жөніндегі комиссариаттар туралы Декрет» қабылданды. Осылайша бір жыл ішінде Кеңес Одағының аумағында комиссариаттар құрылып, жұмыс істей бастады. Биыл осылайша, әскери комиссариаттың құрылғанына-100 жыл! Бұл - тарихи оқиға! Ал, Әулие-Ата аудандық әскери комиссариаты (кейінірек Жамбыл қаласының әскери коммисариаты болып өзгертілген), бүгінде Жамбыл облысы Тараз қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы 1931 жылы 28 ақпанда құрылды. Алғашында Әулие-Ата аудандық коммисариаты Жамбыл, Свердловск, Мерке, Талас, Сарысу, Жуалы және Жамбыл қаласы үшін қызмет жасаса, кейінірек 1945 жылдың қаңтар айынан тек Жамбыл қаласы үшін қызмет атқарып келді. 1997 жылдың 26 ақпанында Тараз қаласының әскери комиссариаты деп атала басталса, 2004 жылдың 5 наурызынан Жамбыл облысы Тараз қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы деп аталып келеді. 87 жылда әскери комиссариатты жиырма алты басшы басқарған екен. Комиссариаттың тарихын зерделей келе, бұл мекемеде ұзақ жылдар қажырлы қызмет етіп келген, бүгінде зейнеткер атанған кемел азаматтарымыз жайлы және олардың мызғымас еңбегінің бұл қызметке әбден сіңгенін түсіндім. Бүгін қорғаныс істер жөніндегі басқармасында бұрыннан қызмет етіп келе жатқан менің әріптестеріме ұстаз бола білген зейнеткер апаларымызды ерекше мақтан тұтады екен. Атап өтсек, Тамара Михайловна Шведцова 20 жыл, Татьяна Сергеевна Порталенко 39 жыл, Ольга Фиофиловна Шумова 30 жылдан аса. Бұл азаматтардың есімі әскери комиссариат тарихында ерекше нақышталып, алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Сонымен қатар, бүгінге дейін осы ұжымда ұзақ жылдар бойы әлі де қызмет етіп келе жатқан ардагерлеріміз де бар.

Осы орайда 1980 жылдан бүгінгі күнге дейін тоғыз басшының қол астында ерінбей еңбек етіп келе жатқан, осы ұжымда 38 жылдық қызмет өтілі бар ардагеріміз – Квасова Ольга Владимировна жайлы айтып өтпесек үлкен қателік болары хақ. Квасова Ольга Владимировнамен алғаш танысқан кезімде оның сабырлы және байсалды мінезіне өте тәнті болдым. Тал бойында кербездігі мен даналығы бірден көзге ілігеді. Әрине, нақтылық пен біліктілікті талап ететін мұндай қызметте үлкен сабырлық пен тәжірибиелілік қажет. Осыдан түйгенім, Ольга Владимировнаның бұл қызметке тектен-тек келмегенін түсіндім. О.В.Квасова 1960 жылы 27 ақпанда Омск облысының Фрунзе ауданы Чаувей ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Ташкент облысы Бостандық ауданы Брич-мулла ауылында бітіріп, сол жылы Ташкент қаласындағы геолого-барлау техникумына (Программирование для быстродействующих математических электронных машин факультетіне) түсіп, 1980 жылы бұл оқу орнын бітіріп шығады. Сол жылдың қыркүйек айында Жамбыл қаласында тұратын әпкесінің үйіне келіп, осы қалада біржола қалып қойған. 1 қазанда Жамбыл қаласының әскери комиссариатына қызметке тұрып, осы ұжымда тапжылмай қырық жылға жуық қызмет етіп келеді. Ольга Владимировна жұмысқа тұрғанда әскери комиссариатты полковник Юрий Иванович Кузнецов басқарған екен. Өз қызметкерлерінен үлкен жауапкершілікті талап еткен бұл кісі Ольга Владимировна үшін әрі ұстаз, әрі тәлімгер бола білген. Осы қағиданы ұстанған Ольга апамыз әрқашанды өз қызметіне жауапкершілікпен келіп, біліктілігі мен тәжиребелігінің арқасында мінсіз қызмет етіп келеді. Басшылыққа үлкен құрмет көрсете алатын, тәрбиелігі мен даналығының арқасында кішіге ізет пен ілтипатын төге білетін Ольга Владировнаны ұжым өте қатты құрметтейді.
Әскери комиссариатқа көп жылдар бойы кәсіби шеберлікпен өз қызметін шаң жуытпайтындай атқарып келе жатқан тағы бір адал азаматымыз-Нина Геннадиевна Аляева. Жұмыс бабымен көп қарым-қатынас жасайтын бұл әріптесімді мен нақ бір қуаты бітпейтін, әрқашан талмай жұмыс үстінде болатын, тап бір ерекше қасиетке ие адамға теңер едім. Нина Геннадиевна-әмбебап, Үйінде қамқор ана, сүйікті әже болса, жұмыста-өз ісінің шебері. 1984жылы облыстық әскери комиссариатқа қабылдау бөліміне хатшы-машинист болып қызметке тұрады.



1986 жылы қаңтар айында қалалық әскери коммисариатқа «Солдат, сержанттарды есепке алу және броньдау» инспекторы қызметіне қабылданады. Сол жылдан бастап Тараз қаласының жеңілдік санатындағы азаматтармен, яғни, Ұлы Отан соғысында, Ленинград қоршауында, тұтқында, Ауғанстанда, Чернобыль апатында қаза тапқан, жарақат алып қайтыс болған отбасылармен тікелей жұмыс жасады. 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль апаты болады. Осы бір жан түршігерлік оқиғаны Нина Геннадиевнаның жадында мәңгі сақталған екен. Сол күні әскери комиссариатта соғыс жағдайы жарияланып, аттанатын адамдардың тізімі жасалыпты. Сол ойпауыт апатқа Тараз қаласынан қатысқан адамдардың кеткені мен келгеніне Нина Геннадиевна өзі куә болып, осы күнге дейін ол отбасылармен 28 жыл бойы әлі қатынасын үзген емес. Нина Геннадиевнаның өзі мақтан етіп, ерекше толғаныспен есіне түскен тағы бір жайт - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің құрылуы. 1984 жылы Облыстық әскери комиссариатқа қызметке тұрғанда Айтжан Қалтайұлы Қалтаев ағамыз басшылықты болған екен. 21 жасар Нинаға апамызға үлкен бір істі аманат етіп тапсырған. Нина Геннадиевна тез арада машинист мамандығын игеріп алып, ҰОС қатысқан ардагерлер мен мүгедектердің тізімін күндіз-түні теріп, 1986 жылы ҰОС соғысының ардагері және мүгедегі А.Қ.Қалтаевтың төрағалығымен «Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» ұйымының құрылғанына өзіндік үлес қосқан екен. Бүгінде Тараз қаласында көзі тірі ҰОС қатысқан 56, тылда еңбек еткен 2220, Ауғанстандағы соғысқа қатысқан 485 және Чернобыль апатына қатысқан 101 ардагеріміздің әрқайсысын танып, олардың отбасыларындағы қайғы мен мұңына ортақтасып, әр мерекеде ең бірінші болып құттықтайтын жақын адамы іспетті. Нина Геннадиевнатың атқарған қайырымды ісі елеусіз қалған емес. Жыл сайын ҰОС ардагерлерінің, Ауғанстан соғысының ардагерлер кеңесінің, Чернобыль апатының ардагерлерінің кеңесінің алғыс хаттарымен, 5513 әскери бөлімнің әскери патриоттық тәрбие беруде өзіндік үлес қосқаны үшін марапатталып отырса, 2005жылы 2010 жылдары Ауғанстан соғысы ардагерлерінің кеңесінің мерейлі медальдарымен, Кеңес Одағының батыры Генерал Сабыр Рақымов медалімен, Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов медалімен мараппатталды. Сонымен қатар, Нина Геннадиевна қала мектептерінде соғыс ардагерлерінің қатысуымен «Ерлік»сабақтарын үздік ұйымдастырып, жастарға әскери-патироттық тәрбие беруде атсалысып келеді. Қаламызда Назарбаев зияткерлік мектебінде, №2, №39, №41 мектеп-гимназиясында озық «Ерлік» сабақтарын ұйымдастырғаны үшін мақтау қағазадарымен марапатталған. Басқарма басшылығы мен ұжымы мұндай үздік маманымен мақтан етеді.
Абсатарова Гулия Бералиқызының абыройы мен беделі ұжымда өте биік дәрежеде. Әрқашанда ақжарқын, кең пейілді, бойында даналық пен парсаттылықты қатар берген бұл әйел затын құметтемейтін адам жоқ шығар. Үлкенмен де, кішімен де тіл табысып, қашанда көмек беруге даяр Гулия Бералиқызы нақ бір адам жанының бағбаны іспеттес. Г.Б.Абсатарова 1960 жылы 23 мамырда Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. 1976-1980 жылдары Жамбыл қаласындағы педагогикалық училищеде оқыған. Оқуды тәмамдағаннан соң туған ауылы Жуалыда балабақшада 12 жыл бойы қызмет етеді.1992 жылы Жамбыл облысы әскери комиссариатына жұмысқа тұрып, онда жеті жыл жұмыс жасап, 1999 жылы қалалық әскери комиссариатқа әскери шақырылушыларды есепке алу бөлімі басшысының көмекшісі болып жұмысқа қабылданады. Міне, содан бері 26 жыл бойы осы мекемеде мінсіз қызмет атқарып келеді. 2010-2015 жылдары «Запастағы солдат, сержанттарды есепке алу» бөлімінің бастығы, 2016 жылдан жаңа штат бойынша запастағы солдат, сержанттарды есепке алу бөлімінің аға көмекшісі, 2017 жылдан запастағы солдат, сержанттарды және жұмылдырушы ресурстарды есепке алу жөніндегі инспекторы болып қызмет атқарды.

Асылы, Тараз қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасында қызмет етіп келе жатқан тамаша мамандарымыз – қоғамда кәсіби түрде ерекше қызмет үлгісін көрсете білген нағыз ізгі жандар. Өз еңбектерінің арқасында бұл мекеменің халыққа сапалы қызмет жасауына үлес қосып, бірі 20 жылдан артық, бірі 20 жылға жуық қызмет атқарып келе жатқан –Лиза Асембековна Юлдашева, Юлия Анатольевна Пак, Ұрлыға Балабековна Абдумуталиева (Әскерге шақыру жөніндегі бөлімде инспекторлар), Алишер Хабиевич Кадыров (Бөлімше бастығы (запастағы офицерлерді есепке алу жөніндегі), Гүлнара Зұлқарнаевна Қарашева (Жұмылдыру ресурстарын есепке алу және тағайындау жөніндегі инспекторы), Нұржан Амангелдіұлы Амиреев (Жұмылдыру ресурстарын есепке алу және тағайындау жөніндегі инспектор)). 10-15 жылдан көп еңбек еткен Маузельда Тапалова, Зәуре Бермухамедова, Ержан Құдабаев, Вера Несина, Дина Жылыбаева, Тахмина Нигматуллаева, Айман Байжанова, Алуа Абдумуталиева. Өз басым, әулиелі Тараз қаласында осындай мекемеде қызмет етіп, осындай ұжымда қызмет жасап келе жатқаныма қуанамын. Бүгінде бұл мекеменің жиырма алтыншы басшысы полковник Көпбосын Кеңесбекұлы Нурдинов мырза мамандардың кәсіпқойлығы мен тәжірибелігіне ерекше мән беріп, әр маманнан тез және сапалы, кәсіби түрде қызмет етудің үлгісін талап етеді
Татулығы мен бірлігі жарасқан бұл ұжымды және Қазақстандағы барлық қаладағы әріптестерімді сәуір айында келе жатқан әскери комиссариаттардың 100жылдығымен шын ниетіммен құттықтаймын! Адал еңбектерінің жемісін көрсін! Құрметті әріптестер! Биік мақсаттарға жете берейік, өйткені біздің әлі де бағындырар белестеріміз көп! Ең бастысы, соғыс болмай, елімізде мәңгі бейбіт заман орнасын!
Тараз қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасының
мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бөлімнің маманы
Альмира Жабаева



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"