V «АЙБЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫ

V «АЙБЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ  ЖАСТАР ЖИЫНЫ

                              Оның ашылуына Қазақстан Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты



Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-патриоттық жиынға қатысушыларды құттықтап, өткізіліп отырған іс-шараның ерекше маңызын атап өтті. Сондай-ақ, бұл жиынның еліміздің ең сенімді, жауапты, отаншыл әрі батыл жастарының басын қосып отырғанын айтты.

– Біз Тәуелсіз еліміздің лайықты жастарына зор үміт артамыз. Дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны Отанымыздың қорғаушысы болуға шақырылған жастар үшін бірегей алаң болып саналады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мемлекет тарапынан жастарды қолдауға және олардың әлеуеттерін жүзеге асыруына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтіп, жастар дамудың символы және жарқын болашаққа деген үміттің көрінісі екеніне назар аударды. Сондықтан, Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп атағаны кездейсоқ еместігін айтты.

– Жастар ел өміріне белсенді араласып, азаматтық қоғамның дамуына және елімізді табысты жаңғыртуға септігін тигізуде. Елімізде Қазақстан жастарының бойында отаншылдық рухты қалыптастырып, тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінеді. Осыған орай, «Жас сарбаз» республикалық балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы құрылды. Барлық өңірде бұл ұйымның бөлімшелері жасақталып, жұмыс істеп жатыр. «Жас сарбаздың» әскери-патриоттық клубтары мен сыныптарының саны 6 мыңға жетіп, 174 мыңнан астам баланы қамтыды, – деді ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы.

Мемлекет басшысы жастарды әрқашан барлық азаматтарымызды біріктіретін ортақ құндылықтарға – жасампаз еңбекке, бейбітшілік пен келісімге, халықтың бірлігіне, Отанға деген мақтаныш сезімге және оның ұлы тағдырына алаңдаушылық білдіруге шақырды.

– Мен батыл ұрпақ өсіп келе жатқанын көріп тұрмын. Сіздер заманауи Қазақстанның биік мұраттары негізінде тәрбие алдыңыздар. Өздеріңіздің білімдеріңізбен және қажырлы еңбектеріңізбен Отанымыздың – Мәңгілік еліміздің даңқын шығарасыздар. Сіздердің Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтіндеріңізге, ел жетістіктерінің табысты эстафетасын абыроймен алып жүруді жалғастыратындарыңызға сенемін, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға арнаған сөзінде әр адамның өміріне қажетті қасиеттер туралы айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, ең алдымен, парасаттылық, білім, кәсібилік пен Отанға деген адалдық қажет.

– Сіздерде күш, энергия мен шығармашылық әлеуеті зор. Осының бәрін өмірдегі басты мақсаттарыңызға қол жеткізуге жұмсаңыздар. Еліміз әрқайсыңыздың табысты болғандарыңызға мүдделі. Себебі, сіздердің жетістіктеріңізден тұтас елдің жетістігі қалыптасады. Сіздердің ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына шын жүректен тілекшімін, – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы сөзінің соңында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын ашық деп жариялап, қатысушылардың оқуына сәттілік, мықты денсаулық пен табыс тіледі.

«Айбын» байрағын көтеру рәсімінен және жарыс пен концерттік бағдарламаны әділ өткізуге салтанатты ант бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2050 жылдың «Жас сарбаз» қозғалысына қатысушыларға арналған «уақыт капсуласын» қалауға қатысты.  

Қазақстан Президентіне қару-жарақ түрлері, құрлық әскерлері мен әуе қорғаныс күштері техникаларының мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы далалық лагерьмен танысып, қатысушылардың жатын орнын көрді, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен әңгімелесті. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи