«NATIONAL GEOGRAPHIC QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫНА ТҮСІРІЛДІ

«NATIONAL GEOGRAPHIC QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫНА ТҮСІРІЛДІ

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімі «National Geographic Qazaqstan» бағдарламасына түсірілді. Түсіру тобы қазақстандық армия барлаушыларының жиынтығын және әскери тапсырмаларды орындауға арналған қазіргі заманғы негізгі қару-жарақ түрлерін көрді.

«Арлан» броньды дөңгелекті машинасының қызметімен де танысты. Минаға қарсы және баллистикалық қорғаныс қабілеті мықты жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындауға бағытталған көп мақсатты машина туралы мол ақпарат берілді. Экипаж бөлігінің баллистикалық қорғанысы, двигатель бөлігінің баллистикалық қорғанысы, жарылыстан арнайы қорғанысы бар маневрлі көп мақсатты бронемобиль калибрі 7,62мм 1000 оқ-дәріні, калибрі 12,7мм 400 оқ-дәріні, калибрі 40мм 96 оқ-дәріні қабылдай алатыны да айтылды. Оптикалы-электрондық контейнер қару-жарақтың астына қондырылғаны көрсетілді. Ішкі бөлігі 50 кг, мұнара биіктігі 80 см, жауынгерлік салмағы 16 тонна, сағатына 100 шақырымға дейін жылдамдықты үдететіні түсіндірілді. Түгелдей өз елімізде жинақталатын әскери техниканың кез-келген атыс қаруының от атуларына шыдайтыны да мақтанышпен жеткізілді.

   Барлаушылар «Шығыс» жалпыәскери полигонында қала ішіндегі лаңкестікке қарсы ұрыс жаттығуын көрсетті. «Қаладағы ұрыс» оқу жаттығуының жоспары бойынша арнайы жасақталған бөлімше қала шетіне жеткізілді. Олар түтін шашкалары жіберілген соң, үш бағыт бойынша шұғыл қимылға кірісті. Шапшаң әрекеттің нәтижесінде қала лаңкестерден тазартылды. Лаңкестікке қарсы ұрыс жаттығуында барлаушылар өз міндетін толық орындап шықты.

   Сұхбаттасу барысында әскери қызметшілер Ел Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, ҚР Қорғаныс министрі, Бас штаб бастығы және Құрлық әскерлері бас қолбасшысы бекіткен әскери жүйенің барлық саласын жетілдіру жөніндегі шаралар шын мәнісінде еліміздің Қарулы Күштерінің имиджін көтеріп, әскери қызметтің абыройы мен беделін арттыратынын айтты. Ал, «National Geographic Qazaqstan» өкілдері болса қазақ әскерінің озық үлгідегі әскери техника мен қару-жарақ түрлерімен қамтамасыз етілгенін көріп, таңқалыстарын жасырмады.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства