"KADEX" көрмесі-келелі келіссөздер алаңы

"KADEX" көрмесі-келелі келіссөздер алаңы

Жұма күні биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған «KADEX» халықаралық көрмесі өз жұмысын аяқтады. Ауқымды шара аясында тиімді келіссөздер жүргізілді. Биыл бесінші рет ұйымдастырылған бұл шараға алғаш рет ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жетекшілік етті.

«Арланға» тапсырыс алды

 

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС (бұдан әрі - ҚПИ) Қазақстан Республикасының әлеуетті күштерінен 4х4 дөңгелекті формуласындағы «Арлан» броньды машинасына жаңа тапсырыс алды.

Тапсырыстың еліміздің қорғаныс қабілеттілігіне маңыздылығы ескеріле отырып кәсіпорын броньды машиналардың алғашқы топтамасының өндірісіне кірісе бастады. Тапсырыс 2018-2019 жылдары толығымен орындалады деп күтіліп отыр.

«Арлан» – бұл ең қатал климаттық жағдайға бейімделген жаңа буындағы броньды дөңгелекті машина. Ол БДМ экстремалды жағдайда сынақтардан толығымен өткен. Инновациялық жылыту жүйесі мен кабинада ылғалдылықты ұстап тұрудың нәтижесінде -50 ден +50 градус температурасында экипаж мүшелері өздерін жайлы сезінеді. Және де

броньды көлік химиялық шабуылға қарсы қорғанысқа ие.

Сонымен қатар «KADEX-2018» көрмесінде ҚПИ өзінің инновациялық жобасын – STANAG 1 халықаралық стандартына сай броньды механикалық мұнарасын көрсетті.   

ҚПИ «KADEX-2018» көрмесіне «Арлан» БДМ басқа кәсіпорыннан өндіріліп отырған броньды машиналарын қойды. «Арлан» БДМ, 6х6 және 8х8 конфигурациясындағы «Барыс» БДМ, сондай-ақ 4х4 дөңгелекті формуласындағы «Алан» БДМ – бұлар ел қорғанысын қамтамасыз ететін әскери доктрина талаптарына сай әскери техниканың үлгілері. 

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС – Орталық Азиядағы броньды дөгелекті машиналар өндіретін ірі зауыттардың бірі. Қазақстан елордасы Астанада орналасқан кәсіпорын 13,5 мың шаршы метрді алып жатыр. Бүгінгі күні компания броньды техниканың жиынтығын көбейтуді көздеп отыр. Мәселен, зауыт басшылары ҚПИ флагманы болмақ «Барыс 8х8» ұрыс машинасының өндірісін жақын арада бастайтығын жеткізді. Машинаның жаппай өндірісі қыстық және жаздық әскери сынақтардан өткеннен кейін басталады деп көзделініп отыр.

ҚПИ кәсіпорыны барлық аймақтың сұранысын орындауға қабілетті. Ол жылына 200 техника шығарады. 

Сонымен қоса, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС «Буревестник» ЦНИИ және «ЗКМК» АҚ арасында ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды.Тараптар 30-мм қашықтықтан басқарылатын жауынгерлік модульді бірге жобалауға және өндіруге келісті. Аталған жауынгерлік модуль «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС шығарып отырған броньды дөңгелекті машиналарына қондырылады деп жоспарланып отыр. Жобалау жұмыстары биылғы жылы басталады.

Өздеріңізге белгілі, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС және «Буревестник» ЦНИИ алдыңғы «KADEX» көрмесінде бірлескен «АУ-220М» жауынгерлік модуліндегі 57-мм автоматтық зеңбірегі орналасқан «Барыс 8х8» БТР көрсеткен болатын. Сонымен қатар, «ЗКМК» АҚ екі жылдан астам «Арлан» броньды машиналарына 12-мм зеңбірегін жасауда. 

 

Қазақстан мен Түркия бірлесіп көлік шығарады

 

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен «Otokar» түрік компаниясы көлік құралдары, оның ішінде броньді машина өндірісі бойынша ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Ол туралы меморандумға 23-мамыр күні Астана қаласында екі кәсіпорынның басшылары Әсет Құманғалиев пен Сердар Гёргюч  V Халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі алаңында қол қойды.

«Otokar» кәсіпорны Қазақстанда көлік құралдары мен броньді техникаларды өндіруге ниетті. Осыған орай технологиялық аумақ ретінде «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының құрамына кіретін зауыттардың бірі қарастырылмақ. Біріккен кәсіпорын автотехникаларды жинауды жүзеге асырады және жобайлайды деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, тараптар қазіргі кезде Қазақстанда пайдаланылып жатқан түріктік броньді машиналарды сүйемелдеуді, жөндеуді, жаңартуды жүзеге асыруға ниетті.

Қол қою шарасынан кейін «Otokar» кәсіпорнының Бас директоры С. Гёргюч бекітілген меморандум түріктік тараптың Қазақстанда жұмыс істеуіне ықпал етіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат бірлескен өндірісті ұйымдастыру мен инжинирингтік орталықты құруда «алғашқы қадам» болып табылады.  

Өзара ынтымақтастықтың алғашқы қадамында техникалық-экономикалық негіздерді әзірлейтін, бірлескен жобаның бизнес-жоспарын құратын, согымен қатар технологиялар тарнсферті мен инттлектуалды меншік мәселелерін өтейтін дұмыс тобы құрылады.  

«Otokar» қорғаныс кәсіпорны Қазақстанда ірі түріктік инвесторлардың бірі ретінде танылған Түркиядағы финанстық-өндірісіті ірі кәсіпорын – «Koç Holding» конгломератының құрамына кіреді.

Айта кетейік, жалпы көрмеге орналасқан Түркия павильоны 1620 шаршы метрді құрайды. Павильонда мынандай 21 кәсіпорын: ASELSAN ELEKTRONIK SANAYI VE TIC.A.S., AVS, BMC OTOMOTİV SANAYİ VE TİCARET A.Ş., DEARSAN GEMİ İNŞ SAN A.Ş., DESAN, GARANTİ GİYİM, GİR-SAN Makina ve Hafif Silah San. Tic. A.Ş., HAVELSAN, HOYTEK BILGISAYAR LTD., İŞBİR, MILSOFT, OTOKAR, ÖZTEK, SİMSOFT, SSM/SSİ, STM, TAIS, TURMAKS, TUSAŞ, TÜBİTAK BİLGEM, UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş., UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş., TEKNOLOJİ MÜH өнімдері қойылған.

Көрмеде Түркияның жетекші қорғаныс кәсіпорын – ASELSAN әзірлемелері қойылған.

Кәсіпорын мульти-өнімдерді жобалау, әзірлеу және қару-жарақ күштерін тұтынушылар мен көпшіліктің қауіпсіздігі үшін түпнұсқа өнімдерді, алдыңғы қатарлы техникаларды өндіретін жоғары технологиялы компания болып табылады.

ASELSAN өз тұтынушыларына Жерде, ауада, әскери-теңіз және әуе-ғарыш өндірісінде қажетті әскери байланыс, радар, радиоэлектронды күрес, электрооптикалық, навигация және авионика, қару, C4ISR, әскери-теңіз, ұлттық қауіпсіздік, трафик, пен төлемақыны жинау жүйесі сияқты жоғары технологиялық шешім жүйелерін ұсынды. 

 

 

Әр ел жетістіктерін көрсетті

 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өткізген V Халықаралық «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі алаңында №6 «Ғарыш» павильоны орналасты. Оның жалпы аумағы 1322 шаршы метрді құрайды.

Павильонда әлемнің 8 елінен 13 компанияның экспозициясы орналастырылған. Соның ішінде THALES ALENIA SPACE итальяндық компаниясы ғарыш саласында бірқатар шешімдерді ұсынды. Олардың ішінде: радар спутнигі, телекоммуникациялық спутник, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мысалында радар және оптикалық суреттерін біріктіруін қолданудың көрсетілімі бар. Сонымен қатар, компания Астана қаласы мысалында радар спутниктерін қолданудың терең сараптамасын көрсетті.

Аэроғарыш ғылым мен техника Қытай корпорациясының сыртқы сауда компаниясы болып табылатын «Ұлы қорған» қытайлық өндіріс корпорациясы коммерциялық ұшырулар, спутниктерді салу және аэроғарыш техника бойынша халықаралық ынтымақтастық туралы ақпарат ұсынды.

Швейцарияның LeicaGeosystems компаниясы: кез келген объект пен жердің дәлдігі жоғары координаттарды алуға арналған электронды тахеометр, күрделі мәліметтерді нақты 3D модельдерге айналдыратын GPS қабылдағышы, үш өлшемді мәліметтерді (түсірілім, сызба, жоспар және т.б.) және жоғарғы сапалы суреттерді тез арада алуға мүмкіндік беретін лазер сканері, сондай-ақ цифрландыру мен Smart city-ді жүзеге асыру жұмыстарында қолданылатын мобильді картография үшін жүйесі сияқты озық әзірлемелерді ұсынды.

Ал, Францияның ArianeGroup француздық концерн (Safran және Aırbus еншілес компаниясы) ғарыштық кеңістікті бақылау арқылы ғарыштық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шешімдерді ұсынды. Олар орбитадағы түрлі объектілерді (спутниктер мен ғарыштық қоқыс) қадағалай алады. Ұсынылып отырған шешімдер GEOTracker телескоптардың негізінде жасалған және ғарыштық кеңістікте болып жатқан нақты жағдайды көрсете алады.

«Ғарыш» павильонында өз қызметін көрсетіп жатқан Франция елінің тағы бір компаниясы, нақты айтқанда SEREME компаниясы ғарыш саласы үшін үлкен вибрациялық және акустикалық сынамалар бойынша шешімдер ұсынды. Олар үлкен реверберациялық камера, подшипниктер бар вибрациялық стенд, гидростатикалық подшипниктерді және басқа да өнімдер туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, «Ғарыш» павильонында «Роскосмос» Мемлекеттік корпорация кәсіпорындарының экспозициялары орналасты. Соның ішінде, «Протон» зымыран тасығыштардың макеттерін, «Протон-Л» (Протон Medium) екі сатылы зымыран тасығыш және «Протон-М» үш сатылы зымыран тасығыш көрсетілді. Сондай-ақ, олар ұшырулардың қоршаған ортаға техногендік әсерінің деңгейін төмендетуге арналған ұшуды басқару жүйесі туралы айтып берді. 

Ғарыштық зерттеулер бойынша Үндістан ұйымының (ISRO) коммерциялық бөлімі Antrix Corporation Limited Үндістан ғарыштық бағдарламасының өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат беріп, спутниктер мен зымырандардың модельдерін ұсынды.

Белорусь ұйымы «Көпфункционалды пилотсыз кешендер ғылыми-өндірістік орталығы» «KADEX-2018» көрмесінде түрлі мақсаттағы пилотсыз ұшу аппараттардың (ПҰА) макеттерін, оның ішінде: «Бусел М40», «Бусел М50» ПҰА және «Буревестник» пен «Ястреб» барлау ПҰА көрсетті. Сондай-ақ ПҰА үшін түрлі мақсаттағы жүктемелер қойылды.

Тағы бір беларусь компаниясы «НТЛаб-ИС» өз элемент базасында жасалған әзірлемелерді: дәлдігі жоғары навигациялық модульдер, кедергілерден қорғалған қабылдағыштар, әуе және жер үсті объектілерді басқару құрылғыларды және ImageSat International NV (Израиль) компаниясы оптикалық және радар спутник сенсорларының жұмысына негізделген әскери және азаматтық ұйымдар үшін түрлі сервистерді ұсынды. Бұл сенсорлар кең және нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Шетел компаниялар – «Ғарыш» павильонның мүшелері ғарыштық қызметі саласындағы әлемдік жетістіктермен танысу және тәжірибе алмасу алаңы ретінде «KADEX-2018» көрмесінің жоғары маңыздылығын атап өтті. Олардың барлығы Қазақстан ұйымдарымен ынтымақтастықты орнатуға және одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді.

Айта кету керек, биылғы «KADEX» көрмесінде отандық және әлемдік ғарыш жетістіктеріне арналған жеке павильон алғаш рет ұйымдастырылды.

 

Шетел делегаттары арасында келіссөздер жүргізілді

 

V Халықаралық "KADEX-2018қару-жарақ және әскери-техникалық  мүлік көрмесі барысында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов пен Түркия Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус Караосманоглу және Түркия қорғаныс өндірісі комитетінің басшысы Исмаил Демирдің кездесулері өтті. Келіссөз кезінде тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық пен жобалардың даму барысын талқылады. 

Сонымен қатар, «KADEX» алаңында Израиль Қорғаныс министрлігі Қорғаныс экспорты бойынша Агенттіктің директоры Мишелем Бен-Барухпен де кездесу өтіп, ол жерде екі жақ қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Келіссөз кезінде Жапондық "JAXA" аэроғарыш зерттеулері Агенттігінің Президенті Хироши Ямакавамен ғарыш қызметінің мүмкіндіктері бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы келіссөздер жүргізілді.

ҚР ҚАӨМ мен «STM» Түркия компаниясы арасында киберқауіпсіздік саласы бойынша Меморандумға қол қойылды.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы" АҚ мен француздық «Tales» компаниясы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісті.  Ол Меморандумға «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Ә. Құрманғалиев пен «Tales» компаниясының ТМД-дағы өкілдігінің басшысы мен Реми Поль қол қойды.

Жалпы көрме алаңында әскери-техникалық және ғарыш қызметі салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға бағытталған 50-ге жуық Меморандум, келісімшарт, келісім, хаттамаларға қол қою жоспарланған еді.

Міне, бұл келіссөздер екі жылда бір рет өтетін шараның маңызының артқандығының дәлелі. Бұл көрме тек ел қорғанысына ғана емес, мемлекет қазынасына да үлкен септігін тигізері күмәнсіз.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"