«KADEX-2016» көрмесіне №10, №12 және №100 автобустармен баруға болады

2016 жылғы маусымның 4-і мен 5-і аралығында Астананың халықаралық әуежайының әскери секторында «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі өтеді. Көрмеде елорда тұрғындары мен қонақтарын әртүрлі елдердің қорғаныс компанияларының тың жаңалығы көрсетілімі күтуде.

Келушілер үшін көрме 4-5 маусым күндері сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін ашық. Аталмыш көрмеге келемін деушілер №10 және №100 автобустық бағдарда жете алады. Бағдар көрме өткізілетін орынның жанынан  өтеді. Сондай-ақ осы күндері арнайы көрме өтетін жерге кіретін №12 бағдарда жетуге болады. 4-5 маусым күндері келушілердің жеке автокөліктері үшін көрмеге кіретін орталық кіреберістің сол жағында автотұрақ жұмыс жасайды.  Көрменің өту барысында қоғамдық тәртіп орнатылып, күзет жүзеге асырылады. «KADEX-2016» көрмесіне келушілерге үлкен көлемдегі сөмкелер мен шабадандар, 2х1 м асатын көлемдегі  жалаулар мен баннерлерді, уытты, улы және  уландырғыш заттарды, 0,33 л асатын сұйықтықтарды, кез келген көлемдегі алкогольді ішімдіктерді, шыны контейнерлер мен шөлмектерді  алып келуге болмайды. Көрме өткізілетін күндері қатысушылар мен келушілер үшін қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін 10 киіз үй, ұлттық және еуропалық ас мәзірі бар екі палаткалы мейрамхана, фастфуды және салқындатылған сусындары бар жылдам тамақтану палаткалары орнатылатынын естеріңізге сала кетейік. «КADEX-2016» көрмесі соңғы бірнеше жылдағы қазақстандық қорғаныс саласында ең ауқымды және сұранысқа ие көрмесіне айналмақ. Көрмеде әскери мамандардың сындарлы және тең құқылы жағдайда ой-пікір алмасуларына мүмкіндік болады.  Жетекші мамандармен тікелей қатынаста болу және бірегей технологиялар бойынша пікір алмасу отандық әскери ойдың дамуына, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық нығаюына кепілді түрде негіз болады деп күтілуде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"