«KADEX-2016» көрмесіне келушілерге ұлттық және еуропалық тағамдар ұсынылады

IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесінің басталуына санаулы күндер қалды. Көрсетілетін техника көрме өткізілетін орынға шоғырлана бастайды. Ал ұйымдастырушылар келушілер мен қатысушылар үшін соңғы жұмыстарды жүргізіп жатыр.

«KADEX-2016» көрмесіне келушілер қорғаныс өнеркәсібінің көрсетілетін объектілерін өз көзімен көріп, ерекше әсер алып қана қоймай, көрме ұйымдастырушылары дайындаған шараларға көңілдері толып, бір марқайып қалары анық. Қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін көрмеге қатысушылар мен келушілер үшін ұлттық стильдегі 10 киіз үй орнатылады. Екі киіз үйде ұлттық кәдесыйлар сатылады, біреуінде қазақ тұрмысының дәстүрі мен мәдениетін, қалған жетеуінде ұлттық ас мәзірі, яғни, қазы-қарта, қымыз, шұбат, көже, сондай-ақ өзге елдердің тағамдары сатылымға шығады.  Тағам бағалары нарық бағасына қарағанда қолжетімді болады, - дейді ұйымдастырушылар.  Бір күнде 1500-2000 адамға қызмет көрсетіледі деп күтілуде. Одан басқа, меймандар үшін ұлттық және еуропалық ас мәзірі бар «Лагуна»  екі палаткалы мейрамхана ашық болады. Соның ішінде және таза ауада ауқаттануға болады.  Үш жерде фастфуды және салқындатылған сусындары бар тез тамақтану палаткалары, сондай-ақ павильондар арасында 5 палатка болады.  Қоғамдық тамақтану орындары көрме басталған сәттен бастап соңғы клиентке дейін ашық болады. IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесі қорғаныс саласындағы ауқымды іс-шаралардың біріне айналатынын естеріңізге сала кетейік. Көрмеге дайындалуға көптеген мамандар мен біршама бірлік әскери техника тартылған.  Көрме қорғаныс өнекрәсібі саласындағы мамандарды ғана емес, сонымен бірге бұқаралық медианың назарын аудартуда. Көрмені әлемнің 15-тен аса елінен бұқаралық ақпарат құралдарының 300-ден аса өкілі жариялайтын болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"