«KADEX-2016» көрмесі келушілерге есігін айқара ашты

Бүгін, Астана «KADEX-2016» көрмесі келушілерге өзінің есігін айқара ашты.  Барлық келемін деушілер сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін ҚР ҚК авиациялық базасында көрмені тамашалай алады.

Таңсәріден бастап авиациялық базаға барлық жастағы адамдар жиналуда. Отандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің жетістіктерін өз көздерімен көру үшін көрмеге елорданың еңбектеген баласынан бастап еңкейген кәрісіне дейін әскери техниканы тамашалауға келді. «Мен өзім запастағы әскери қызметшімін. Маған қару-жарағымызды, армиямыздың қуатын көру қызық болды. Немерелерімді де патриотизмге баулудамын. Міне, оларға танктерді, ұшақтарды көрсеттім. Олар көргендеріне масаттануда, қуанғандарынан жанарлары шырадай жанып, көздерінен оттың ұшқыны байқалуда.  Әдетте, фильмдерде ғана көретін әрбір тікұшақты қарап, қолдарымен ұстап көргілері келеді», - деді көрмеге келуші Олег Григорьев.  Барлық келемін деушілер көрмеге №10, №12 және № 100 автобус бағдарларында жете алады. Бұл автобустар арнайы көрме өткізіліп жатқан жердің дәл жанына келіп тоқтайтынын айта кетейік.  Келушілердің жеке автокөліктері үшін көрмеге кірер жолдағы орталық кіреберістің сол жағында көлік тұрағы орналасқан. Бүгін келушілер үшін плац-концерт көрсететін Орталық әскери оркестрдің музыканттары, сондай-ақ құрмет қарауылы ротасы өнер көрсететін болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"