«KADEX-2016» жаңа мобильді қосымшасы құрылды

Көрме туралы қосымша ақпарат алуға көмек беретін IV халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің қатысушылары мен келушілері үшін «KADEX-2016» мобильді қосымшасы әзірленді.

Бүгінгі қару-жарақ пен әскери техника көрмесінің технологиялық тың жаңалықтарының ішінде қазақстандық әзірлеушілермен «KADEX-2016» жаңа мобильді қосымшасы құрылды. Тың жаңа өнім алдағы өтетін көрме, іс-шара туралы жаңалықтар жайлы толыққанлы ақпарат береді. Көрмеге қатысушылардың орналасқан жерін, өнім ұсынып отырған компания мен көптеген басқа да мәліметтерді табуға көмек беретін функциялары бар. Қосымша қатысушылар мен келушілерге үлкен аумақта адасып қалмай, алдағы өтетін «KADEX-2016» көрмесі туралы барлық жаңалықтардан құлағдар болу, қару-жарақ пен әскери техника саласындағы соңғы жетістіктер және техникалық шешімдермен танысуға мүмкіндік береді.   Жаңа IT өнімді  App Store немесе Google play арқылы ақысыз негізде жүктеп алуға болады. Көрме аумағында қосымша Wi-Fi Kadex желісіне қосылған кезде автоматты түрде жүктеледі. IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесі қорғаныс саласындағы ауқымды іс-шаралардың бірі болатынын айта кетейік.    Көрмеге дайындалуға көптеген мамандар мен әскери техника тартылды. Көрме қорғаныс өнеркәсібі саласында мамандардың ғана емес, сонымен бірге бұқаралық медианың да назарын аудартуда. Көрмені әлемнің 15-тен аса елінен 300-ден аса бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі жариялайтын болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"