«KADEX-2016» – келісім қайнары

Бұрнағы күні, яғни, «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінен бір күн бұрын Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаров, Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы полковник Бақытжан Құрманбаев, Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі департаментінің бастығы аға лейтенант Жанар Колбачаева, «Қазақстан инженеринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысов және көрмеде ұйымдастырылатын шаралардың продюсері Ренат Гайсин Астана қаласындағы БАҚ өкілдерімен кездесті. Брифинг барысында министрлік өкілдері халықаралық шараның мән-маңызын, жетістіктері мен артықшылықтарын әңгімелеп, журналистердің сауалдарына жан-жақты жауап берді.

«KADEX – 2016» халықаралық көрмесі, бұл – соңғы уақыттағы қазақстандық қорғаныс саласындағы ең ауқымды және сұранысқа ие іс-шара. Көрмеде қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің тың жетістіктері, сондай-ақ әлемдік перспективалық әзірлемелер көрсетіледі. «KADEX» көрмесі биыл төртінші рет өткізілгелі отыр. Жыл сайын келіссөздер өткізу үшін Астанамызда өтетін іс-шараға келетін қару-жарақ, әскери және арнайы техника өндіретін қазақстандық және шетелдік қатысушылардың, іскерлік орта өкілдерінің саны артып келеді. Егер 2010 жылы көрмеге 156 қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 253-ке жеткен. Ал 2014 жылы – қатысушы компаниялардың саны 300-ге тақаған.

Осы жылы көрме бағдарламасы мазмұнды және әсерлі болады. Экспозиция 8 павильонда және ашық алаңдарда өрістетілді. Жалпы көрме алаңы 90 000 шаршы метрді құрайды. Көрмеге шетел мемлекеттері қорғаныс ведомстволарының 40-тан аса ресми делегациясы, сондай-ақ статика түрінде өз өнімдерін ұсынып, техниканың әрекет етудегі мүмкіндіктерін көрсететін әлемнің әр елінен әскери техника шығаратын 350-ден аса компания келді.   Заманауи технологиялардың дамуы мен олардың өмірімізге, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібіне ықпал етуін ескере отырып, биылғы жылы көрменің негізгі секциялары IT-технологиялар, робот техника, авиация, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы өзге де озық бағыттар аясындағы тың жаңалықтарға арналған.

Алғаш рет қазақстандық өндірістің «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналары мен «Барыс» броньды транспортеры көрсетілетін болады. Бұл ұрыс машиналары Қазақстан Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін отандық кәсіпорында шығарылады.

Көрменің көрсетілім бағдарламасы Қазақстан Қарулы Күштерінің арнайы бөлімшелері және әскери бөлімдердің жарақтандыруында тұрған жауынгерлік техниканың қатысуымен көрсетпелі көрсетілімдерді қамтиды.  Қатысушылар мен қонақтар қазақстандық Әскери әуе күштерінің авитатехникасын, Құрлық әскерлері әскери техникасының үлгілерін тамашалай алады. «Қазақстан инжиниринг» компаниясының тобы көрмеде 20 кәсіпорынмен ұсынылған. Ашық алаңдарда 47 үлгі, жабық павильондарда 95 үлгі және 27 сұлба ұсынылған.

Іс-шараның ауқымдылығы броньды танкті техниканың және қару-жарақтардың өзге де түрлерінің пайдалануына, жауынгерлік қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Оның ішінде, шетелдік серіктестердің өндірісімен бірлесе қару-жарақтың әзірлемелері мен үлгілері, сондай-ақ еншілес ұйымдарымыздың өнімі алғаш рет паш етіледі. Атап айтқанда, әртүрлі модификациядағы «Ми-17» жаңғыртылған тікұшақтары, «Т-72А», «Т-72Б» жаңғыртылған танктері, әртүрлі қару-жарағы бар, әртүрлі модификациядағы «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналары, оптика-электрондық приборлар мен коллиматорлық тіркемелеркөрменің сәнін кіргізеді.

Айта кеткен жөн, қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің жетістіктері мен қорғаныс саласындағы әлемдік озық техникалар көрсетілетін «KADEX-2016» халықаралық көрмесінде ҚР Қарулы Күштерінің Авиациялық базасында қазақстандық өндірістің «Арлан» броньдалған машиналары мен «Барыс» броньды транспортеры алғаш рет көрсетіледі. «Осы жылғы көрмеде  жаңа əскери технологияларға баса мəн беріледі. Əрі шара аясында алғаш рет қазақстандық өндірістің «Арлан» броньдалған машиналары мен «Барыс» броньды транспортеры көрсетіледі. Бұл ұрыс машиналары ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін отандық кəсіпорында шығарылады» деді вице-министр О.Сапаров.

 

Пікір мен пайым

 

Генерал-лейтенант Оқас Сапаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

– Қазақстанда көрсететін дүниелер бар. Біршама зауыт бар. Бүкіл техниканы қазір өзімізде жөндеп жатырмыз. Енді авиацияға көштік. Тікұшақты өзіміз жөндеуден өткіземіз. Атыс қаруларын шығарамыз. Биыл патрон зауытын аштық. Бәрін өзімізде өндіруге, жөндеуге күш салудамыз.

2-5 маусым аралығында өтетін шараға əлемнің 45 мемлекетінен ресми жəне іскерлік делегация қатысады. «KADEX-2016» – бұл қазақстандық жəне шетелдік қару-жарақ пен əскери техникалық мүлік өндірісінің ірі халықаралық көрмесі. Бұдан кейінгі, екінші мақсатымыз – соны экспортқа жіберу.

Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған əскери көрме 7 негізгі тақырыптық бағыттан тұрады. Олар авиациялық техника, ұшу аппараттары техникасы жəне ғарыштық технологиялар, IT технологиялар, байланыс жүйелері мен құралдары, əскери саладағы робот техникасы жəне тағы басқалар.

 

 

Ерлан Ыдырысов, «Қазақстан инженеринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

– Әлем елдері жан-жақты қызғушылық білдіріп жатыр. Ол – осы көрме үшін үлкен нәтиже. Сондықтан осындай көрмелерде екі үлкен мәселе – жаңа байланыстар, жаңа жобалар басталады, келісімшарттарға қол қойылады.

 

Полковник Бақытжан Құрманбаев, Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық саясат департаменті бастығы:

– Биылғы көрме аясында жалпы сомасы 800 млрд теңге болатын келісімдерге қол қою жоспарланған. Құжат ұзақмерзімді болғанымен, болашақта экономикаға берері мол болмақ.

«KADEX әлемдік әскери техника көрмесінің реестірінде тіркелген. Сондықтан қазақстандық компаниялар өз өнімдерін шетелде өтетін көрмелерде де көрсете алады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"