36-шы десанттық-шабуылдау бригадасы 15 жылдығын атап өтті

36-шы десанттық-шабуылдау бригадасы  15 жылдығын атап өтті

лттық әскери-патриоттық орталықта Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің қатысуымен Астана маңында орналасқан 68665 әскери бөлімінің құрылуының 15 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Өзінің тарихын әскери бөлім 2003 жылғы 17 қыркүйектен бастап жүргізуде. Дәл сол кезде ҚР Қорғаныс министрінің директивасына сәйкес осы әскери бөлім құрылған болатын. 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасы Қазақстанның әскери бөлімдері арасында алар орны айрықша. Себебі, еліміздің бас қаласы Астананың маңында орналасқан. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы – Елбасы, сондай-ақ Премьер-Министрлер, ҚР Сенаты мен Парламентінің депутаттары, Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан ардагерлері әскери бөлімге бірнеше рет барды. Жлы сайын бұл бөлімге студенттер, оқушылар, шетелдік делегациялар барып тұрады. Мұнда қысқа мерзімде еліміздің кез келген жерінде болуға қабілетті жоғары кәсіби, дайындалған жауынгерлер қызмте етеді. Әскери бөлім құрылған сәттен бастап оны 2004-2008 жылдары генерал-майор Дәулет Оспанов, 2008 – 2010 жылдары генерал-майор Дулат Адырбеков, 2010 – 2011 жылдары полковник Ермек Әлмұхаметов, 2011 – 2015 жылдары генерал-майор Алмаз Джумакеев басқарды. Қазіргі уақытта подполковник Нұрлан Кәрібаев бөлім командирі болып табылады. Салтанатты шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Іс-шара аяқталысымен атаулы оқиғаның құрметіне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Материал взят с сайта: Министерства обороны Республики Казахстан
Источник: https://www.mod.gov.kz/kaz/press-centr/novosti/?cid=0&rid=4948
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства