2019 жылға арналған жұлдыз жорамал

2019 жылға арналған жұлдыз жорамал

2019 доңыз жылының келуіне де санаулы күндер қалды. Сарапшылардың пікірінше, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал физикалық және эмоционалдық деңгейде жақындық, алаңсыз және прагматизмді жыл болады деп уәде етеді. Доңыз жылында бұрынғы одақтардың қалыпқа келуін және жаңа адамдармен одақтастық құруды күтуге болады.
Астрологтардың айтуынша, доңыз жылы қайсарлық пен жігерлілік танытатындарды қолдайды.

Тоқты

2019 жылы тоқтыларды көптеген қызықты мүмкіндіктер күтіп тұр. Астрологтар осы жұлдыз белгісінің өкілдері махаббат мен бизнесте және шығармашылықта табысқа жетеді деп болжайды. Жаңа мүмкіндіктің арқасында тоқтылар қосымша сенімділік пен табандылыққа ие болады.

Сондай-ақ, 2019 жыл тоқтыларда достар мен одақтастардың қарасының кеңеюімен сипатталады. Бұл белгінің өкілдері сүйкімділігінің арқасында жиі көпшіліктің назарында болады.

 

Торпақ

Торпақтар 2019 жылы өз отбасына мүмкіндігінше көп көңіл бөлуі керек. Астрологтар бұл жұлдыз белгісінің өкілдеріне 2019 жылы балаларына көп қамқорлық жасап, баласының тәрбиесі мен біліміне көңіл бөліп, отбасылық ұяға жайлылық қосып, сүйіктісін одан әрі бақытты етуді ұсынады.

Келесі жыл торпақтарда отбасы үшін ең қолайлы жыл болмақ.

 

Егіздер

Еңбекқорлығы мен адалдығы және жауапкершілігі үшін 2019 жылы егіздер барлық салада табысқа қол жеткізеді. Бұл белгі өкілдерінің махаббатта, бизнесте және отбасы мәселесінде жолы болады. 2019 жылдың басында-ақ, егіздер өткен жылдан қалған барлық мәселелерді шешіп, жаңа жоспарларды жүзеге асыруға дайын болады.

Егіздерге 2019 жылы екінші жартысын кездестіруге көп мүмкіндік беріледі.

 

Шаян

2019 жылы шаяндарда денсаулықты бірінші орынға қойып, өзіне қамқорлық жасау керек болады. 2019 жылы шаяндар өмір салтын қайта қарастыратын болмақ. Олар спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтана бастайды.

Сондай-ақ, келесі жылы жаңа және жарқын әсерлерге толы болады. Ал бұл белгінің көптеген өкілдері үшін ақша басты мәселе болуын доғарады. Себебі, доңыз жылы қаржы саласында табысқа жетуге жағдай жасайды. Сондай-ақ, астрологтар шаяндарға жақындарына көбірек назар аударуға және жайлы үй жағдайын жасауға кеңес береді.

 

Арыстан

Егер арыстандар 2019 жылы барлық оқиғалардың эпицентрінде болудан қорықпаса, олар үлкен жетістіктерге жетеді. Сондай-ақ, бұл жұлдыз белгілерін ішкі өсу мен көпшіліктің назарында болу мүмкіндігі күтіп тұр.

Алдағы жылы олардың беделі өсіп, алда жүреді. Бірақ, негатив пен агрессия танытудан аулақ болуыңыз керек, өйткені бұл барлық эмоциялар арыстандарға молынан оралады.

 

Бикеш

2019 жыл бикештер үшін де сәтті жыл болады. Көптеген мүмкіндіктерге ие болған бикештер жалқаулықтан толығымен бас тартуға және еңбекқорлыққа мұқтаж. Келесі жылы бұл белгінің өкілдері көп жұмыс күтіп тұр. Сондықтан, астрологтар бір мүмкіндікті де жібермеу үшін батыл және үнемі мұқият болуға кеңес береді.

 

Таразы

Аз ойлап – көп әрекет ету! Таразылар 2019 жылы осы ұранды ұстануы керек. Шындығында, мүмкіндіктер көп болса, ойлануға көп уақыт болмайды. Бірақ, бұл осы белгінің өкілдеріне сақтанудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Өйткені, өздерініңіз білетіндей сақтықтың ешқашан артықтығы жоқ.

2019 жылдың ішінде таразылар жұмыс пен бизнесте көптеген қызығарлық ұсыныстар алады. 2019 жылы отбасылы таразылар туыстарымен жылы-жарқын арасып, жан тыныштығын табады.

 

Сарышаян

2019 жылы сарышаяндардың барлық жағымды мүмкіндіктері белсенді болады. Олар неғұрлым көп кедергілерге тап болса, соғұрлым күшті болады. Жалпы алғанда, доңыз жылы өте табысты болуы тиіс. Сондай-ақ, сарышаянның өздері күш-қуат пен белсенділікке ие болып, бизнесте табысқа жетеді.

Астрологтардың айтуынша, мүмкін емес нәрселерді талап етпейтін олар екінші жартысын оңай таба алады.

 

Мерген

 

2018 жылға қарағанда, мергендер 2019 жылы өз мансабына және басқаларға көбірек көңіл бөледі. Алайда, астрологтар мергендерде кәсіптік салада үлкен өзгерістер болмайды деп болжайды.

Мергендер үшін басты артықшылық тіл табысқыштығының өсуі. Бұл белгінің өкілдері жаңа достар мен серіктестерді оңай таба алады. Және кез келген идеялар табысты жүзеге асуға мүмкіндік алады.

 

Тауешкі

Бұл белгілерде қаржы мәселесінде және жеке өмірде де кенеттен өзгерістер болуы мүмкін. Сондай-ақ, келесі жылы болашақта мансаптық тұрғыда өсуге көмектесетін көптеген жаңа адамдармен танысасыз. 2019 жылы махаббат майданында да табысқа жету үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Жалпы бұл белгінің өкілдеріне денсаулығына көбірек уақыт бөлуі керек.

 

Суқұйғыш

2019 жылы суқұйғыш өз табиғатына байланысты бірқатар шағын мәселелерге тап болуы мүмкін. Ал ондай мәселелерді туыстары шешуге көмектесетін болады. Бірақ соған қарамастан, оларды көптеген жағымды оқиғалар күтіп тұр. Астрологтар келесі жылы қызықты оқиғалар мен жарқын эмоцияларға толы жыл болады деп бойлжайды.

Позитивті көзқарас суқұйғыштарды көптеген адамдармен жақындастырады. Жалпы, осы белгісінің өкілдері келесі жылды жақын достарының ортасында өткізеді.

 

Балықтар

Астрологтардың сөзіне сүйенсек, балықтар келесі жылды өз мақсаттарына қол жеткізуге арнайды. 2019 жылы пайдалы нәрселер жайлы қиялдайтын балықтар сөзсіз, табысқа жетеді. Әсіресе, шығармашыл балықтар үшін қолайлы жағдайлар көп туады. Ал, балықтар жаңа идеяларды түсіністікпен, басшылықтың қолдауының арқасында таба алады.

Келесі жылы қаржылық жағынан табысты болатынымен, балықтар ақшаны бекер далаға шашпай, сақ болы тиіс. Себебі, бұл белгінің өкілдері күтпеген жерден қомақты сома жұмсап, үлкен заттар салып алуы мүмкін.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи