2 минут ішінде қару-жарақтардың шығу тарихы көрсетілді

Қарудың шығу тарихын паш ететін әлемдік тренд ҚР Қорғаныс министрлігінде қолдау тапты. 2-5 маусым аралығында Астанада өтетін IV халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі қарсаңында «120 секунд ішіндегі қарудың шығу тарихы» атты ролик жасалды.

Көрермендерге Түрік қағанаты кезінен бастап қазіргі күнге дейінгі Қазақстан аумағында пайдаланылған қарудың түрлері көрсетілді. Роликте садақ және  Түрік қағанаты мен Қазақ хандығының жебелері, білте мылтығы, соққы-шақпақтас құлпы бар мылтық, капсюльді тетігі бар мылтық, ХХ ғасырдың басы мен бірінші жартысының қаруы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару, әйгілі Калашников автоматы мен оның модификациялары, ХХ ғасырдың өзге де қаруы  көрсетілген. Қазіргі уақыттағы қару ретінде роликте Қазақстан Қарулы Күштері арнайы бөлімшелерінің жарақтандыруында тұрған заманауи винтовка көрсетілген. Осылайша, 2 минут ішінде көрермен назарына еліміздің тарихының әртүрлі кезеңдерінде, яғни, Қазақ хандығының құрылғанға дейінгі кезең, Қазақ хандығы, КСРО, тәуелсіз Қазақстан құрамында  қолданылған қарудың түрлері ұсынылады. Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қолданылып жүрген қару-жарақты 2-5 маусым аралығында Астанадағы ҚР ҚК-нің авиациялық базасында өтетін IV халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде ниет білдірген барша қауым тамашалай алатынын айта кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"