ҚР ҚК Бас штабы мен ҰҚШҰ біріккен штабы жауынгерлік даярлық іс-шараларын талқылады

15-наурызда Астанада Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымы Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоровпен кездесті.  

Онда өңірдегі және әлемдегі әскери-саяси жағдай мәселелері, 2016-2017 жылдардағы бірлескен жедел және жауынгерлік даярлық іс-шаралары, ҰҚШҰ (ұжымдық күштері) әскерлерінің әрі қарай дамуы, сондай-ақ ҰҚШҰ Біріккен штабының қайта құрылуы талқыланды. Ресей Федерациясының аумағында жедел ден қою ұжымдық күштерімен «Өзара іс-қимыл-2016» ҰҚШҰ бірлескен оқу-жаттығуы, Беларусь Республикасының аумағында ұжымдық бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық-2016» және өзге де жауынгерлік даярлық іс-шараларына дайындық барысы қаралды. 

Кездесу қорытындысы бойынша ҰҚШҰ ҰЖДК құрамын күшейту, жалпы алғанда, ұйымның дамуының заманауи кезеңінде тапсырмаларды орындауға сәйкес келетін ҰҚШҰ Біріккен штабының ұсынылып отырған ұйымдық-штаттық құрылымын қолдау ұсынылды. Одан басқа, делегация сәуірде жоспарланып отырған «Бірлескен операцияларды (жауынгерлік іс-қимылдарды) дайындау және жүргізу кезінде әскерлердің (күштердің) коалициялық топтамасын жан-жақты қамтамасыз ету» ҰҚШҰ-ның халықаралық әскери-ғылыми конференциясына дайындалу шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды. Бұл ретте Біріккен штабтың өкілдері Республикадағы әскери білім беру жүйесімен, университеттің оқу процесі мен материалдық-техникалық базасының ұйымдастырылуымен танысты. Делегация өз жұмысын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына баруымен аяқтады. Онда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуы, пайда болуы тарихы және заманауи тыныс-тіршілігімен танысты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"