Алғашқы қазақстандық оқ жасау зауытының іргетасы қаланды

Ағымдағы аптаның дүйсенбісінде, яғни 14-наурызда Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының басталуына арналған рәсімге қатысты.

Бұл жоба ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. Ұлттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, қазақстандық өнімді арттыру, сондай-ақ атыс қаруына арналған қолда бар патрондар қорының азайтылуын назарға ала отырып, ҚР Қарулы Күштерінде анағұрлым сұранысқа ие 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм, 9*19 мм калибрлі патрондарды өндіру бойынша зауыт құру жоспарлануда. Осы жоба шеңберінде «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында ғимарат кешені мен патрондық зауыттың құрылысын салу жоспарлануда. 

Онда барлық инженерлік коммуникациялар, авто және теміржол көлігі бар. Сондай-ақ, инженерлік магистральдарға ішкі алаңдық желілерді қосу, Қазақстанның кез келген өңіріне қару-жарақ қоймаларына автомобильді және теміржол көлігімен өнімді шығаруды жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Құрылыстың жалпы ауданы 26 400 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

«Патрон зауыты ұзақ жылдар бойы ел ішінде шикізат пен материалдар тасымалдауға сұранысты тұрақты қамтамасыз етеді. Жез сияқты қорытпаның 300 тоннасын қолдану аймақтағы мамандандырылған кәсіпорынның жұмысын жандандырады. Арнайы экономикалық аймақ тәртібі жағдайында да қазақстандық патрон зауыты салық түрінде өңірдің бюджетіне жылына 680 млн. теңге қаржы түсіреді. Бұл біздің ең қарапайым болжам» - деп атап өтті «Казтехнологии» АҚ басқарма төрағасы Медер Маселов. Аталған өндірістің жұмысы Қазақстанның ұзақ мерзімді атыс қару-жарағының оқ-дәрілерін өндіретін елдер қатарына енуіне мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде «Казтехнологии» АҚ зауыт өнімін экспорттау бойынша келіссөздер жүргізуде. Атап айтқанда, «Kadex-2016» көрмесі аясында әртүрлі мемлекеттерге өнім жеткізу жөнінде келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Осы орайда, қазіргі уақытта Қазақстанда атыс оқ-дәрілері шығарылмайтынын айта кетейік. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін оқ-дәрілермен қамтамасыз ету үшін қазақстандық шикізат пен материалдар пайдаланылады. Бұл жеткізуші елдерден тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оқ-дәрілермен қамтамасыз етілуі жалпы алғанда, елдің және өңірдің әскери-саяси қауіпсіздігін арттырады.  Патрондарды өндіру бойынша жабдықты канадалық Waterbury Farrel компаниясы жеткізетін болады. Қазақстандық патрон зауыты өндіру қуаттылығы жылына 30 млн. дананы құрайтын патрондарды шығаруға арналған озық құралмен жабдықталады. Технологиялық жабдық инновациялық технологияларды қолдана отырып, әлемдік сапа стандартына сәйкес келеді.  Құрастыру және іске қосуды дайындау жұмыстары 2017 жылы өтеді. Монтаждау жұмыстары өндірістік персоналды оқытумен біріктіріледі.  Жаңа 164 жұмыс орны құрылады. Осылайша, ауқымды мақсатта қолданылатын оқ-дәрі шығару бойынша кластер құру жоспарлануда.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"