Қазақстан мен Ресейдің әскери басылымдары әріптестік меморандумына қол қойды

«Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналының басшылығы арнайы іссапармен көршілес Ресейдегі белгілі әскери бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп қайтты. Яғни, Ресей федерациясының Қорғаныс министрлігінің орталық басылым органы «Красная звезда» газеті редакциясы және медиахолдингімен екіжақты меморандумға қол қойылды.

Іссапар барысында қазақстандық өкілдер газеттің бас редакторы, философия ғылымдарының докторы, полковник Николай Ефимовпен, халықаралық өмір және қауіпсіздік мәселелері бөлімінің редакторы Владимир Кузарь және басқа да редакция қызметкерлерімен кездесті.

Ресей Федерациясының көне әскери басылымымен және редакция жұмысын ұйымдастыру ісімен және бағыт-бағдарымен жете танысқан «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналының бас редакторы Батырхан Қуатбек және осы басылымдардың креативті директоры Тимур Кубеков өзара кездесуде сөз сөйлеп, редакция аралық қарым-қатынасты іс жүзінде нығайтып, екіжақты қарым-қатынас жөнінде меморандумды бекітуді ұсынды. 

– Біз келешекте ынтымақтастығымызды арттырғымыз келеді. Сол себептен, бір-бірімізбен басылымымызда жарияланатын  материалдармен алмасуды жөн санап отырмыз.  Алдағы уақытта сіздермен қарым-қатынасымызды кеңейтуге дайынбыз. Сіздердің тараптарыңыздан да қызығушылық танытып, қолдап  жатқандарыңызға қуаныштымыз,  - деді «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналының бас редакторы.

Өз кезегінде полковник Николай Ефимов «Красная звезда» газетінің алдында тұрған міндеттермен бөлісе келе, аталмыш газеттің Ресей Федерациясының әр аймағындағы әскери қызметкерлерін жылдам әрі маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында электрондық нұсқасын дамытып жатқандығын атап өтті.

Екіжақты меморандумға қол қойған соң тараптар жедел түрде ақпаратпен, сараптамалық материалдармен, мултимедиялық контенттермен, сонымен қатар, тәжірибемен алмасып отыруға келісті. Сонымен қатар, редакция қызметкерлері арасында мамандандырылған курстар мен тренингтер өткізу, халықаралық іс-шараларға бірігіп қатысу, ақпараттық негізде жобалар жасауға уағдаласты. Құжаттың мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы маңызды оқиғаларды жарыққа шығару.

Меморандумға қол қойған соң қазақстандық БАҚ өкілдері «Красная звезда» медиахолдингінің вице-президенті Павел Веденяпинмен жүздесті. Айта кетейік, холдингтің құрамына сайттарымен «Звезда» радиосы мен телеканалы, «Комсомольская правда» газетіне қосымша ретінде шығатын «Звезда» апталық газеті, «Армейский стандарт» журналы, «Аты-Баты» балалар журналы және полиграфия кіреді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"