«Ұлы даланың жеті қыры» атты экспозиция ашылды

 «Ұлы даланың жеті қыры» атты экспозиция ашылды

ҚР Тұңғыш Перзиденті күні қарсаңында Алматыда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-көркем экспозиция ашылды.

Бұл экспозиция Елбасының мақаласында атап өтілген ата-бабаларымыздың озық технологияларын куәландыратын қазақтардың тарихи мұрасының барлық жеті символын бейнелейді.

Экспозицияда сәндік-қолданбалы өнер ескерткіштерінің көшірмелері мен Қазақстанның ежелгі тарихының түрлі кезеңдеріндегі археологиялық олжалар таныстырылған. Атап айтқанда, Күлтегіннің бейнелері, «Көк бөрі», Тоньюкук ежелгі түрік жазбалары, Аралтөбенің сармат дәуіріндегі «Алтын адам» бейнесі және басқа экспонаттар.

«ҚазҰУ ғалымдарының ғылыми археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған экспонаттар дала өркениетінің жоғары деңгейін көрсетеді. Мәселен, IX-XI ғасырдағы қимақ кезеңіне жататын жылқының ет-тұрманы, ата-бабаларымыздың сонау заманнан жылқыны қолға үйрету мәдениетінің жарқын мысалы. Шілікті және Жалаулы ескерткіштері маңынан табылған сақ кезеңіндегі алтын стильдік бейнелері бар есіктер және басқа да көптеген экспонаттар», - деп атап өтті ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің деканы Меңдігүл Ноғайбаева.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства